Н. Тілендиев даңғылы. Н. Тілендиев даңғылы Астана Айналма жолынан басталып, Сарыбұлақ өзенінің көпірінде аяқталады. Баршын, Ұлытау, Қайнар, Сарыөзен, Көктал, Д. Бабатайұлы, Шұғыла, Атбасар, Ақан Сері, Ш. Бейсекова көшелерін қиып өтіп, Бөгенбай батыр даңғылына айналады. Ұзындығы - 15926,6 м.
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998) - аса көрнекті композитор, белгілі дирижер, домбьфашы. ҚазКСР-нің және КСРОның халық әртісі, ҚазАСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Халық қаһарманы». 1949-50 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында, ал 1950-52 жылдары Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетінде оқыған. 1952-61 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестерінің бас дирижері болып қызмет атқарған. «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарған. «Ата толғауы», «Махамбет», «Ақсақ құлан», «Аққу» атты увертюралардың, 400-ден астам ән мен романстардың авторы. Ол 50-ден астам драмалық спектакльдерге, 19 көркем фильмге музыка жазған.
Бұл даңғылда «Қамқор» техникалық қызмет көрсету орталығы, «Эталон» құрылыс базары, Қажымұқан атындағы спорт мектебі, Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері