Александр Бараев көшесі — Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Ш. Уәлиханов көшесінде аяқталады. Ж.Тәшенов, Ш.Иманбаева көшелерімен қиылысады. Ұзындығы — 988,5 м.

Александр Иванович Бараев (1908-1985) - ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. А.Бараев егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі - топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты. Оның үйымдастыруымен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында топырақ баптайтын және тұқым себетін машиналардың жаңа тұрлері сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.

Бұл көшеде Қазақстан Республикасы Президентінің мәдени орталығы, «Ақниет» жиһаз салоны, «Континент» сауда орталығы орналасқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері