Жәнібек тархан көшесі Республика даңғылынан басталып, Александр Пушкин көшесінде аяқталады. Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Шолпан Иманбаева, Рақымжан Қошқарбаев, Шоқан Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Бақтыораз Бейсекбаев, Ахмет Жұбанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 2320,4 м.
Жәнібек Тархан Қошқарұлы (1693-1752) - қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Абылай хан тұсында қол бастап, хан кеңесшілерінің бірі болған.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері