thumb Терехин атындағы көше. Көшеге Кеңес Одағының Батыры Николай Иванович Терехиннің есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 09.02.1982 №4/69 шешімі) берілген. Терехин Николай Иванович (1901-1978) Алматы облысының Түрген селосында дүниеге келген. Азамат соғысына қатысқан. Дивизия командирі болған. Ұлы Отан соғысында Шпрей және Эльба өзенінен тездетіп өтуде батырлық көрсеткен. Көше Түрксіб ауданында орналасқан. Дулатов, Котельников атындағы көшелермен қиылысады. Бұрынғы атауы – Извилистая көшесі. Көшенің ұзындығы – 700 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері