Ақбұлақ (2002 жылға дейін – Пролетар)Осакаров ауданының тарихы — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Ақбұлақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 69 км-дей жерде. Жерінің жалпы ауданы 49,2 мың га.

Тарихы 1973 жылы «Тракторист» кеңшарының орталық мекенінің негізінде, Молодёжный ауданының құрамында Пролетар ауылдық Кеңесі құрылды. Шаруашылық бағыттары - дәнді дақылдар, қосымша саласы — ет-сүт, мал шаруашылығы болды. Округтің елді мекендерінде (Майбұлақ, Роднички) 27 шаруа қожалығы, 4 егістік ЖШС және дәрігерлік-профилактиқалық мекеме бар (2006).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1280 1203 1183 98,3 601 600 99,8 602 583 96,8

Ақбұлақ ауылында орта мектеп, пошта бөлімшесі жұмыс істейді. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Жақын мандағы темір жол стансасы - Осакаровка 80 км жерде орналасқан.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы елді мекендері‎