Бұрынғы атауы №21 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақберен орамы Қарқабат көшесінен басталып, Талғар көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 165,5 м.
Ақберен - мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін ежелгі атауы. «Берен» сөзі тілімізде «асыл, болат» деген мағынаны білдіреді. Оқпандары ақ алмастан, берен болаттан соғылған мылтықтарды болаттың түсіне қарай «ақ берен» деп атайды.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері