thumb| alt=A.|175px| Экипаж. thumb| alt=A.|175px| 1. Механик-водитель, 2. Командир, 3. Наводчик, 4. Замковый, 5. Заряжающий.

Экипаж (франц. eguіpe – ұжым, команда): 1) көптеген елдердің қарулы күштерінде танк, жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖӘҰМ), ұшақ және т.б. өздігінен жүретін техникаға тікелей қызмет көрсететін бастауыш (төменгі) бөлімше. Экипаж әдетте танкте 3 – 5, ЖӘҰМ-нда 2 – 3, ұшақта 1 – 10 адамнан тұрады; 2) кеменің жеке құрамы. Қазіргі әскери-теңіз күштерінде теңіз күштерінде 1 – 2 дәрежелі кемелерде Экипаж әскери бөліммен теңестірілген; 3) жолаушы таситын жеңіл көліктің жалпы атауы; 4) қазіргі әскери-теңіз күштерінде әрбір флотта, жеке флотилия мен әскери-теңіз базаларында құрылатын жағалаудағы әскери командалар мен әскери қызметшілерді қабылдау, орналастыру, қызмет етуін қамтамасыз ету үшін құрылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Білім