Қаратау көшесі Ғ. Мұстафин көшесінен басталып, Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс, Жаркент, Бурабай, Жайық, Ертіс, Бұқтырма, Есіл, Шу, Лепсі, Іле, Еділ көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 1636,3 м. Бұрынғы атауы №З көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ).

Қаратау - Жамбыл облысындағы қала, Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары. Алатаумен салыстырғанда, Қаратауда жаз айларында қар жамылғысы болмайтындықтан осылай аталады. Астана көшелері. Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері