Қоңыраулы көшесі Обаған көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Жанкент көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 222,2 м. Бұрынғы атауы №27 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ).
Қоңыраулы найза - басында қоңырау тағылған найза. Найзаға әскери белгі ретінде басына кішкене қоңырау тағу дәстүрі көне түркі заманынан қалған. Көне тас петроглифтерде қоңыраулы найза ұстаған жауынгерлер бейнесі жиі кездеседі. Астана көшелері. Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері