Пысу. Қорқу, зәресі ұшу деген анықтама берілген түсіндірме сөздікте.

«Келіпті деп бір қу мысық, Тышкан біткен кетті пысып» (Ө. Түрманжанов, Менің кітаб.).

«Жылқышының бәрі қорқып, пысып жүр» (М. Әуезов, Таңд. шығ.).

«Пысу» етістігінің мағынасы ертеректе қазақ тілінде де өзгеше болған деген болжамға басқа түркі тілдері деректері жетектейді.

Қырғыз тілінде — пыс, ноғайша — пысув (пыс) түлғалы сөздер қазақ тіліндегі «жасырыну, тығылу, көзден таса болу» деген мағыналарда қолданылады. Ал якут тілінде «жасыру, тығу, бой тасалау» мағыналарын — «кистээ» дыбыстық құрамдағы сөз жеткізе алады. Сөз түбірі бүл тілде «кис» немесе «кист» деп қарасақ, қырғыз, ноғай тілдеріндегі «п» дыбысы орнына «к» қолданылып тұр. Бүл да түркі тілдеріне тән заңдылықтан туған құбылыс. Сөйтіп, сөздің алғашқы мағынасы — жасырыну, тасалану, тығылу. Демек, қорқу, зәресі ұшудан құтылудың шарасы, айласы ертеректе «пыс» сөзі арқылы түсіндірілген. Жорамалымыздың дүрыстығын түркі жазба ескерткіштері одан әрі қуаттай түседі. Онда пус — жасырыну, тығылу мағынасында.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Дереккөздер