Досжан Бақытжанұлы Табылды (1985 жылы 25 қаңтарда Алматыда туған) — қазақстандық танымал балет әртісі. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2006). Әлемнің "Спартак" балетінің ең жас орындаушысы.

Толығырақ Досжан Бақытжанұлы 1985 жылы 25 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 2003 жылы А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің хореография факультетін үздік бітірген балет әртісі. 2003 жылдан Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балетінің жеке орындаушысы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 2007 жылы Париж қаласындағы United Dance Company балетінің жеке орындаушысы. 2005 - 2007 жылдары Оңтүстік Корейның балет театрының жетекші балет әртісі. "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының жетекші балет әртісі.

Шығармашылығы Әлемнің "Спартак" балетін 20 жасында сомдаған ең жас орындаушысы. «Спартак», «Махаббат жайлы аңыз», «Кармен-сюита», «Бахчисарай фонтаны», «Жизель», «Сильфида», «Аққу көлі», «Корсар», «Дон Кихот», «Вальпургий түні» («Фауст» операсынан), «Щелкунчик», «Жезтырнақ» спектакльдеріне қатысады. Қазіргі заманғы, халық және классикалық бидің түрлі концерттік нөмірлерін орындайды. Үлкен театрдағы кәсіби балет әртістерінің шеберлік сыныбына қатысқан (Мәскеу қаласы, 2007). «Астана Ballet Company» балетінің шақырылған жетекші орындаушысы (Астана қаласы, 2007). Келесі елдерге гастрольмен барған: АҚШ, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Болгария, Финляндия, Швецария,Венгрия, Австрия, Германия, Голландия, Франция, Түркия, Қырғызстан, Украина.

Жетістіктері 2004 жылы «Шабыт» байқауының (Астана 2004) лауреаты; 2005 жылы Сеул қаласындағы сайыстың II сыйлығының (2005) иегері; 2005 жылы «Балет әртісі» номинациясындағы II сыйлықтың, «Көрермендердің сүйіспеншілік сыйлығы» жоғары сыйлығының (Үлкен театр, Мәскеу қаласы, 2005); 2005 жылы Хельсинки қаласындағы сайыстың жүлдерегі. 2007 жылы 1-ші Корей халықаралық балет сайысының (Сеул қаласы, 2007); 2008 жылы Халықаралық балет әртістері сайысының (Будапешт қаласы, 2008) лауреаты.

Марапаттары 2006 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері; 2006 жылы «Жаңа есім - үміт» номинациясындағы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты; 2007 жылы «Кәсібінің мақтанышы» номинациясындағы «Халық батыры» республикалық сыйлығының иегері; ҚР Мәдениет министрлігінің "Қазақстанның Мәдениет қайраткері" құрметті атағымен марапатталған. 2015 жылы "Қазақстан хорегроафия өнеріне сіңірген еңбегі үшін" арнайы аталымы бойынша Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері атанды; 2015 жылы Саха Республикасының құрметті атағымен марапатталды. 2015 жылы "Қазақ хандығына 550 жыл" мерекелік медалі; 2015 жылы "Хорегроафия" аталымы бойынша Еуразиялық шығармашылық одағының "Алтын Еуразия сыйлығы"ның иегері; 2016 жылы Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Құрмет ордені" мен марапатталды. Көптеген құрмет грамоталарымен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Жеке қасиеттері Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә.Назарбаев. Хоббиі - кітап оқу, кино, ат спорты, аңшылық, жүзу, музыка. Сүйіп оқитын әдебиеті - Қазақстан тарихы, А.С. Пушкин, С.А. Есенин, Л.Н. Толстой, Ф. Ницше, В. Гюго, Конфуций.

Дереккөздер

Санат:25 қаңтарда туғандар Санат:Балет әртістері Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегерлері Санат:Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері Санат:Алматы хореография училищесі түлектері Санат:Қазақстан хореографтары