Іздеудің литологиялық-фациялық сілтемелері - Пайдалы қазба кенорындарының нақтылы фациялармен және кіріктіруші тау жынысытардың нақтылы литологиялық құрамымен заңды түрдегі байланыстылығын сол кенорындарды іздеуге пайдалану. Аталған байланыстар үш түрлі фактордан туындайды: 1) Жаралу тегі шөгіңді кенорындар барша шөгінді тау жынысы фациялары арасындағы арнаулы фация болып табылады, сондықтан да олардың өздерін кіріктіретін тау жынысытардың литологиялық-фациялық құрамымен байланысты болатындығы түсінікті; 2)Кенорындыы кіріктіруші және төсейтін тау жынысытар құрамы олардың рудалы ерітінділерімен химиялық тұрғыдан әрекеттесу мүмкіндігін анықтайды, сондықтан көптеген эндогендік кенорындар нақтылы литологиялық-фациялық тау жынысытарда шоғырланады; 3)Кенорынның шоғырлануына тау жынысытардың кейбір физикалық қасиеттері (морттығы, кеуектілігі, т.с.с.)айтарлықтай үлес қосады.
Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0 Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ