Іздеудің құрылымдық сілтемелері - Пайдалы қазба кенорындарының нақтылы тектоникалық құрылым өңіріне шоғырланғандығы жайлы заңдылық; кенорынды іздеу жұмыстарын дұрыс бағыттау мақсатында пайдаланылады. Кенорынды бақылайтын құрылым түрлерінің екі тобы жекеленеді: олар - аймақтық құрылымдар және жергілікті құрылымдар. Бұлардың бріншісіне жататын құрылымдар: құрылымдық - формациялық бөлдемдер, аймақтық бастырмалар, лықсымалар және қатпарлану бөлдемдері; Eкінші топқа кіретін күрылымдар: екінші, үшінші, одан да жоғары дәрежелі жергілікті қатпарлы құрылымдар және дизъюнктивтік бұзылыстар.

Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0 Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Мұнай және газ