Ялкунжан Ахметұлы Шамиев (17 шілде 1953 жылы Алматы облысы Шелек ауылында туған) — қазақстандық театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының және Тәуелсіз «Ильхом» сыйлығының лауреаты.

Жалпы мәліметтер Әкесі - Ахмет Шәмиев (1908-1983), Қазақстан Республикасының Халық әртісі. Анасы - Тохтанова Ризвангүл, зейнеткер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі. Құрманғазы атындағы Өнер институтының театр факультөтін бітірген (1974), драма актері; Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының режиссерлік факультетін бітірген (1983), қоюшы-режиссер;

Білімі Жоғары режиссерлік мектепті бітірген (Санкт-Петербург, 1987). Ұйғыр, өзбек, қазақ және орыс тілдерін біледі.

Еңбек жолы 1974 жылдан - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының драма актері. 1983- 1985 жылдары - Мемлекеттік кіші драма театрының қоюшы-режиссері (Санкт-Петербург). 1987-2010 жылдары - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық уйғыр музыкалық комедия театрының бас режиссері. 1987-2002 жылдары - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы. 2010 жылдың сәуір айынан бері - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының режиссері. Театрдың көркемдік кеңесінің мүшесі. «Пана», «Бостан» қайырымдылық қорларының мүшесі.

Марапаттары 1982 жылы «Яшлық» ВАА құрамында Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; 1998 жылы Халықаралық бейнелеу өнері фестивалінің (Венгрия, ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хатымен марапатталған. 2001 жылы Тәуелсіз «Ильхом» сыйлығының лауреаты; 2002 жылы «Құрмет ордені» нің иегері. 2013 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.

Жеке қасиеттері Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «20 жыл ішінде Қазақстан ұлы мемлекетке айналады; мемлекеттің беделі тек Азияда ғана емес, бүкіл әлемде жоғары болады». Хоббиі - спорт (футбол), шахмат, гитара (эстрадаға арнап ән жазады). Сүйіп оқитын әдебиеті - әлемдік және қазіргі заманғы әдебиеттің классикасы, Шығыстың поэзиясы.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Ахмадиева Бахаргүл Абдиримқызы (1956 ж. т.), Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының актрисасы. Ұлдары - Ядықар, «Яшлық» ансамблінің музыканты, музыкалық өңдеушісі, композиторы, Эльяр.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:Еңбекшіқазақ ауданында туғандар