Экспортты Лицензиялау – 1) халықаралық саудада экспортты мемлекеттің әкімшілік жолмен шектеуіне байланысты шарттардың бірі; 2) шетке шығару үшін лицензия – тауардың бір түрін белгіленген мерзімде экспортқа шығаруға рұқсат беретін құжат алу талап етілетін және көрсетілетін қызметпен сауда жасау мониторингі. Лицензия алу үшін негіздеме: үлестемелі тауарлар үшін – тауарлардың үлестеме немесе сатып алынған сертификат есебінен жеткізілуін қуаттайтын құжат; делдал арқылы экспортқа шығарылатын жағдайда – тауарлар жеткізіліміне жасалған келісімшарт; айрықша тауарлар үшін – тиісті министрліктің немесе ведомствоның шешімі; қосарлы мақсаттағы (азаматтық және әскери) тауарлар үшін – тиісті органдардың қорытындысы қажет. Бас лицензия және бір жолғы лицензия түрлеріне бөлінеді. Бас лицензия мемл. мұқтаж үшін бір күнтізбелік жыл мерзіміне ресімделеді. Бұл лицензия бойынша экспорттық операциялар бір немесе бірнеше мәміле бойынша жүзеге асырылады. Бір жолғы лицензия әрі кеткенде 12 айлық мерзімге бір ғана мәмілеге беріледі.

Санат:Экономика Санат:Терминология