Исатай Бимендин (1904-2004), жылқышы, күйші-сазгер. Жаңаарқа ауданының Қарсыадыр, Келтетал, Өркендеу ұжымшарларының, «Рассвет» кеңшарының жылқышысы, бригадирі болып істеген. Күйшілік шығармашылықпен айналысқан. Халық арасында «Бастау», «Арнау», «Зарлау», «Жоқтау», «Жерлеу», «Толғау», «Аттаныс», «Қоңыр қаз», «Әрине көк», «Жеңіс» және т. б. күйлер шығарған. Оларды қызы Рымкүл нотаға түсіріп кейінгі ұрпаққа жеткізген. Б. Жаңаарқа ауданының тарихы туралы көптеген мәліметтер, аңыз әңгімелерді жинақтап, көне ескерткіштерді қалпына келтіруге үлес қосты. Сондай-ақ күреспен шүғылданып, белгілі балуан М. Боқаевтың жауырынын жерге тигізген.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1904 жылы туғандар Санат:2004 жылы қайтыс болғандар Санат:Күйшілер Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар