(ферродинамический измерительный прибор) – екі (қозғалатын және қозғалмайтын) және одан да көп катушкалардың токпен электрдинамикалық әрекеттесуіне негізделген аспап. Ф.ө.а. негізінен техникалық қалқанды (сирегірек тасымалды) амперметр, вольтметр және ваттметр (көрсететін, өздігінен жазатын) түрде жиілігі 50 ... 500 Гц айнымалы ток тізбегінде (сирегірек түрақты ток тізбегінде) өлшеу үшін пайдаланылады. Ф.ө. а. негізгі қасиеттері: айналдыру моменті үлкен, сыртқы магниттік өрістің әсері аз, селкіл қозғалысқа, дірілге және т.б. механикалық әсерлерге тұрақты, магниттелу қисығының сызықты болмауының, сонымен қатар гистерезис пен тагнит өткізгіштегі шығындардың әсерінен болады. Өлшеу шегін ток не кернеу трансформаторы көмегімен кеңейтуге болады. Фазалар ығысу бүрыштары мен жиілікті өлшейтін аспаптарда пайдаланатын ферродинамикалық логометр кеңінен таралған.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер

Санат:Өлшеу техникасы