Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаев (1.01.1938 жыл, Гурьев облысы) - дирижер. Қазақ.
Әкесі - Қожанбаев Үсенғали, ҰОС-да хабарсыз кеткен. Анасы - Қожанбаева Оңайтуған, марқұм, сатушы болып жұмыс істеген.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1964), оркөстрдің солисі, халық аспаптар оркестрінің дирижері. «Дүние» университетінің профессоры (1998). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры (2005). 70-тен астам әннің және домбыра мен халық аспаптар оркестріне арналған 10 күйдің авторы.
КОКП мүшесі (1972-1991).
1955-1957 жылдары - Гурьев облысы Есбол аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі. 1964 жылдан - Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің оқытушысы. 1971 жылдан - Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе музыкалық училищесінің негізін қалаушы және директоры. 1990 жылдан - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті музыка кафедрасының меңгерушісі. 1998 жылдан - «Дүние» университеті музыка кафедрасының меңгерушісі (Ақтөбе қ.). 2003 жылдан бері - Ақтөбе облыстық Ғ. Жұбанова атындағы филармониясының «Арайлы Ақтөбе» Халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1969). ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1988).
Үйленген. Жұбайы - Қожанбаева Галина Қуанышқызы, зейнеткер. Қыздары - Қожанбаева Бибінұр Қайырғалиқызы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының педагогы және концертмейстері; Дүйсіпова Бибігүл Қайырғалиқызы, жеке кәсіпкер.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1938 жылы туғандар
Санат:Атырау облысында туғандар Санат:Күйшілер Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақстан дирижерлері Санат:Дүние университетінің профессорлары Санат:Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессорлары Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушылары Санат:Ақтөбе музыкалық училищесінің директорлары Санат:Дүние университеті оқытушылары Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері Санат:Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті оқытушылары