Серіппелі өлшеуіш аспаптар () — беріліс механизмінде жазық және оралған серіппелердің серпілу қасиетін пайдаланатын аспаптар. Бұл аспаптарда үйкеліс аз болғандықтан, олардың бөлу құны мөлтек, дәлдіктері өте жоғары. Мүндай аспаптарға микрокаторлар жатады, Олардың негізгі бөлшегі — оралған жазық серіппесі фосфорлық немесе берийлік қоладан жасалынады. Оның ені 0,08 .. 0,15 мм. қалыңдығы 0,005 ... 0,012 мм болады.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер

Санат:Өлшеу техникасы Санат:Аспаптар