Тенардит — Na2SО4 . Аты өткен ғасырдағы француз химигі Тенардың есіміне қойылған.

Химиялық құрамы: Na2О 43,7%, SО3 56,3%. Қоспасында кейде аздаған К2О , механикалық аралас түрінде ангидрит т. б. болады.

Қаттылығы 2—3, меншікті салмағы 2,68—2,69. Жымдастығы (010) бойынша орташа, (111) бойынша нашарлау білінеді. Түсі су сияқты мөлдір, кейде қызғылт шапақ сияқты. Суға ерігіш, ауада көп тұрса ұнтаққа айналады. Сингониясы ромбылық ; ромб-дипирамида формасында. Кристалдарының сырт формасы да сол қос пирамида түрінде. Айқас қоспақтары жиі кездеседі.

Оптикалық оңқай; 2u = 84°, Ng = 1,485. Nm= 1,474, Nр = 1,464. Жаратылысы. Тенардит басқа тұздармен қатар суалған көлдер түбіне тұнады. Сонымен қатар ол көбірек кездесетін мирабилит тұзының сусыздануынан пайда болады. Тенардит пен мирабилиттің айырмашылығы жоғарыдағы ангидрит пен гипс айырмашылығына ұ қсас. Тенардит кейде вулкандармен байланысты фумарола әрекетінен пайда болады.

Тенардит мирабилитпен қатар шыны, сода т. с. с. өндірістерде қолданылады.

Тенардит кендері Қазақстанда Құлынды көлінде т. б. бар. Оның ірі кендері өте сирек, ал аздаған минералдық түрлері көп кендерде кездеседі.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69

Дереккөздер

Санат:Натрий минералдары Санат:Сульфат минералдар