Нарықтық қатынастардың шеңбері. Нарық теориясында нарықтық қатынастар әрекет ететін шекараны белгілеудің маңызы зор. Бұл мәселеде айырбас сферасында шығындардың қалыптасуы шешуші шарт болып табылады. Нарық жағдайында тауарларды өткізу мен тұтынуға байланысты шығындарды К.Маркс таза шығындар деп атаған. Батыс экономикалық әдебиетінде айырбас сферасындағы шығындар «трансакциондық шығындар» деп аталады. Бұл түсінікті американдық экономист Д.Коуз еңгізген. Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен: нарық туралы информация іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар; келісімдердің шартын белгілеумен және оларды жасаумен байланысты шығындар; тауарлардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, фирманың белгісін қорғауда жұмсалған шығындар; заң жүйесінің көмегімен құқықтық тәртіпті қорғауға жұмсалған шығындар; нарықта ойланбай (опортунистік) жасалған әрекеттерден болған шығыңдар.

Шығындардың осы формасын пайдалану өте көп тараған. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері трансакциондык шығындардың енгізілуінен көп бүрын, бәсеке мен нарықтық баға белгілену процестеріне көңіл аз бөлінді деушілікке сүйене отырып, зерттеу процесін айналым сферасына аударған. Қазіргі замандағы экономикада, бухгалтерлік өндіріс шығындары қолданылады. Бұған тікелей шығындардан басқа сауда және әкімшілдік шығындары жатады. Бухгалтерлік шығындар мен «әдеттегі кәсіпкерлік пайда» бірігіп толық бәсекелік пайданы құрайды.

Айналыс сферасындағы шығындарды теория жағынан дәлелдеу, өндіріс зандары мен бөлу зандарының арақатыстық мәселелерін шешу болып табылады — олар, немесе, бір-бірінен дербес, немесе, біріншілер екіншілерге тәуелді болады. Егер өндіріс процесі бөлу процесінен тәуелді емес десек, онда трансакциондық шығындар нөлге тең болу керек. Бірақ, нақты өмірде трансациондық шығындар қашанда нөлге тең болмайды. Сондықтан, өндіріс процесіне бөлу нарықтық механизм арқылы тікелей әсер етеді.

Осы әсердің дәрежесін білу үшін А.Смит пен Р.Коуздың теоремаларымен танысайық. Смит теоремасы А.Смит теоремасы, немесе, айырбас теоремасы бойынша, еркія айырбас екі жаққа да пайда әкеледі. Осы теорема арқылы нарық, еңбек бөлінісі және өндірістің тиімділігінің араларында байланыстар белгіленеді. Нарық қатынастарының дамуы және айырбас арқылы қол жеткен пайда, еңбек бөлінісіне негізделген маманданудың нэтижесінде туған рационалдық кәсіпкерлік іс-қимыл арқылы қамтамасыз етіледі. Осы арқылы өндіріс көлемі және айырбастың масштабы өседі. Тауарларды өткізу (айырбастау) сферасының кеңейуі трансакциондық шығындардың өсуімен қатар жүреді. Бұл арада қайшылық процесс туады. Бір жақтан, маманданудың арқасында шығындар жалпы төмендейді, басқа жақтан, нарықтық қатынастардың территориялық деңгейінің кеңейуінің арқасында трансакциондық шығындар өседі. Осының нәтижесінде еңбек бөлінісінің пайдалылығы, трансакциондық шығындардың өсуінің салдарынан жоққа айналуы мүмкін. Бұдан мынадай тұжырым туады: еңбек бөлінісінін пайдасы мен трансакциондық шығындар салыстырылып отырылатын, нарықтық қатынастар шекарасы, осы нарықтық қатынастар субъектерінің шекарасы болып табылады. Коуздың теоремасы Р.Коуздың теоремасының мәнін былай сипаттауға болады: егер меншік құқы нақты белгіленген болса, онда ынталы жақтар ұнамды, немесе, ұнамсыз нәтижелерді мемлекеттің кірісуінсіз шешуі мүмкін. Бұл теорема мынадай жағдайға негізделеді: меншікті қолдану процесінде пайда болатын трансакциондық шығындар екіге — меншіктің өзінің әрекет етуімен байланысты шығындарға және мемлекеттің ынталы жақтардың арасында меншіктің бөлінуін реттеп отыруға жұмсайтын қосымша шығындарға бөлінеді. Бұл мынадай жағдайға әкеліп соғады: нарықтық қатынастардың шекарасының кеңейуі қос кедергі тудырады. Біріншісі жеке меншік әсер ететін сфераны кеңейтумен байланысты шығындар, (жеке меншік тәртібінің анклавы). Екіншісі мемлекеттің бөлуді реттеу арқылы көрсеткен көмегіне байланысты шығындар. Бұл жағдайда шығындар күрт өсіп кетеді де нарықтық қатынастар деңгейі төмендейді. Реттеу жүргізумен байланысты қосымша шығындарды болдырмауды көздеп, ынталы жақтар өздерінің мәселелерін жасырын (жария емес) келісім аркылы шешеді және осы арқылы олар өздерінің іс-әрекет ететін деңгейін кеңейтуге мүмкіндік алады. Нарықтың түрлері Қазіргі замаңда споттық және мерзімді нарықтар кең тарап отыр. Нарықтың осы түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Споттық нарық мерзімді нарықтың пайда болуына себепкер болды.

Споттық нарық дегеніміз қолма-қол жеткізілетін нақты тауарлармен сауда-саттық жүргізу нарығының бір түрі.

Мерзімді нарық — бұл мерзімді контрактар нарығы, яғни келісім шарттар бойынша көрсетілген мерзімде материалдық байлықтарды, тауарларды, құнды қағаздар түріндегі активтерді, болашақта жеткізу туралы контрагенттердің бір-бірімен жасасқан келісімі.

Споттық нарыққа хеджерлер мен саудагерлер қатысады. Сұраныс пен ұсыныс сақтауға тағайындалмаған тауарлар арқылы қалыптасады. Хеджерлер контрактыларды сату және сатып алу келісімдерін жүргізеді. Олар тауарды осы сәтте сатып жібере алады, немесе, мерзімді контрактыны сатып жіберіп, тауарды сақтап отыра алады. Хеджерлер нақтысында споттық нарықта контрактылар ұсынысын қалыптастырады, сөйтіп осы, немесе, басқа тауарлар бағаларының тербелуі нәтижесінде мүмкін болатын шығындардан сақтандыруды қамтамасыз етеді.

Саудагерлер болашақта болып қалуы мүмкін спот бағасын болжай отырып, тауарлар қорын жасайды. Саудагерлер өз әрекеттерін мерзімді нарықтағы ағымды споттық бағамен, немесе болашақта мүмкін болатын споттық бағамен есептесе отырып жүргізеді. Мерзімді контрактылардың орындалуы форвардтық, фьючерстік және опциондық контрактылар түрінде жүзеге асырылады.

Форвардтық контракт — бұл котрагенттер арасында биржадан тыс жасасқан контракт объектісін болашақта жеткізу туралы келісім-шарт. Контрактының орындалуы белгіленген мерзімде, көрсетілген шартққа сәйкес жүзеге асырылады. Әр түрлі активтер — тауарлар, акциялар. облигациялар, валюта, т.б. келісімінің предметі бола алады. Әдетте форвардтық контракт шартында жеткізудің белгілі бір датасы көрсетіледі.

Фьючерстік контракт — бұл контрактың предметін болашақта жеткізу туралы келісім. Фыочерстік контракт тек биржада жасалынады. Онын шарттарын биржаның өзі белгілейді.

Контрактының предметі болып материалдық активтер — алтын, бидай, бензин және қаржы құралдары (валюта, құнды қағаздар, қор индексі) қызмет атқара алады. Биржаның есеп жүргізетін палатасы фьючерстік контрактлылардың орындалуына кепілдік алады.

Опциондық контракт. Опцион — бұл белгілі базистік активтерді, белгілі бағамен, белгілі бағытта сатып алу, немесе сату құқығын беру туралы, екі жақтық келісім шарт. Контрактыда екі жак, қатысады: опционды сатып алушы (бұл активті сатып алу, немесе, сату кұқығын алатын жақ) және сатушы (сатып алушының талабы бойынша активті жеткізу, немесе, қабылдау құқын беруші жақ). Алған құқы үшін опционды сатып алушы сатушыға силық төлейді.

Орындалу мерзіміне байланысты, опциондар екі типке бөлінеді: американдық, еуропалық. Американдық опциондар контрактың мерзімі біткенге дейін қай күн болмасын сол күнде орындалуы мүмкін. Еуропалық - тек контракт орындалған күнінде ғана орындалады. Дүниежүзілік практикада жасалатын контрактылардын, көбі американдық опциондар.С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8 Дереккөздер

Санат:Экономика