Музейлік коллекциялар мен жинақтар. Еліміздің әр түрлі музейлерінің қорлары мен зкспозицияларында қазақтың төрт жүзден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Осы бай коллекциядан қазақтың музыкалық аспаптарын зерттеу үшін ғылыми құндылығы зор өте сирек кездесетін ондаған көне аспапты кездестіруге болады. Олардың арасында домбыра, қылқобыз, сыбызғы, шаңқобыз, шертер, шыңдауыл, даңғыра, дабыл, дауылпаз, асатаяқ бар. Ленинград пен Москваның музейлері қазақтың музыкалық аспаптарына бай, бұл аспаптар мұнда өткеп ғасырдың орта шенінен бастап түсе бастаған. Оларды жинауға алуан түрлі мамандық иелері: көрнекті ғалымдар, этнографтар, тарихшылар, дәрігерлер, суретшілер белсене ат салысқан. Орыс ғалымдары халық әндерін жазып алумен және музыкалық аспаптарды жинаумен айналысқан, сондай-ақ халық творчествосын зерттеуге көп көңіл бөлген. Этнографиялық заттарды іздеу үшін арнайы экспедициялар ұйымдастырылған.
Қазақ халқының көрнекті ағартушылары музыкалық этнографияға аса зор үлес қосты. Абай Құнанбаев өзінің досы, мамандығы бойынша дәрігер, Харьков университетін бітірген саяси жер аударылған Нифонт Долгополовпен бірге 1885 жыл мен 1893 жылдар аралығында бірыеше музыкалық аспап тапқан. 1885 жылдың жазында Долгополов Абай аулында қонақта болады. Ол Абай аулынан 50-ден астам этнографиялық зат жинаған. Абай әсіресе ең сирек кездесетін музыкалық аспаптарды жинауға назар аударады. Семей қаласындағы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейінде үш ішекті екі домбыра, қияғы тым қарапайым екі қылқобыз, сыбызғы және әсем безендрілген сілку арқылы дыбыс шығаратын аспап асатаяқ сақтаулы. Бұл аспаптар 1883 жылы ұйымдастырылған Семск өлкетану музейінің қорында 1964 жылға дейін сақталып келген.
1910 жыл Томскіде поляктың революционер ақыны Густав Зелинскийдің (1809—1881) орыс тілінде жазған «Қырғыз» атты дастаны басылып шықты. Жалпы алғанда әлі күнге дейін жұртқа оншалықты белгілі болмай келе жатқан бұл басылым тек әдеби шығарма ретінде ғана емес, сондай-ақ этнографиялық зерттеу ретінде де белгілі бір дәрежеде құнды дүние. Дастанда қазақтардың тұрмысы мен әдем-ғұрыптары кеңінен баяндалады. Суретшілер Г. Гуркин мен В. Белослюдовтың Абай музыкалық аспаптарын бейнелеген суреттері музыка зерттеушілер үшін бағалы материал. Олардың кейбірі сақталған.
Совет Одағының 60-тан астам халқы мен ұлтының тұрмысы менмәдениетін жан-жақты сипааттап көрсететін Ленинград КСРО халықтары этнографиясының, мемлекеттік музейі шын мәнінде дүние жүзіндегі аса ірі қазыналардың бірінен саналады. Бұл күнде музейде музыкалық аспаптардың мейлінше бай коллекциясы бар, онда тек қазақтардікінің өзі ғана 50-ден асады.
Алғашқы аспаптар музейге 1901 —1902 жылдары сурстші С. М. Дудиннен және қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуші С. Г. Рыбаковтан келіп түседі. Олардың кейбірі бірнеше көне домбыра, қылқобыз бен шаңқобыздар болған.
Музейдің, архив документтерінде сирек кездесетін аспаптар іздестірілгені жөнінде мәліметтер бар. Өзінің қазақ жеріне жасаған саяхаты жөнінде Географиялық қоғам советінде есеп берген С. Г. Рыбаков бақсыдан көріп, өзі сатып алған аспап туралы баяндайды. Бұл аспаптың басында және мойнында мүйіз тәріздес сылдырмақтары бар төрт темір ілмек бекітіліпті.
Музей коллекцияларында бәрінен де домбыра көп кездеседі. Олардың кейбірі аса шебер жасалған. Көптеген домбылардың бітімі өзгеше, безендірілуі әсем, ою-өрнегі ғажап.
Көптеген даналарын саралай қарап отырып, аспаптардың жасалуы қандай-қандай жолдан өтіп, қалай дамығаны туралы түсінік алуға болады. Олардың кейбірінде баяғыда-ақ қолданудан қалып жоғалған шертіп ойналатын аспаптардың жекелеген белгілері сақталыпты, ал мұның өзі ғылым үшін аса бағалы материал. Шанағына көн тері керілген, ал мойнында пернесі жоқ аспап аса көңіл аударарлық. Көлемі шағын, түрі мүлде қарапайым ол тұтас ағашты ойып жасалған, құрылысына қарағанда шертерге ұқсайды.
КСРО халықтары этнографиясының мемлекеттік музейінде асатаяқтың өте сирек кездесетін бір данасы сақтаулы. Оның басына төрт металл сақина және төрт дөңгелек жалпақ металл пластинка ілінген. Асатаяқты көбінесе бақсылар пайдаланған, өйткені олар асатаяқты сермеп бақсылық жасаған кезде жацағы темір теңгешелер бақсының әр түрлі қимылына орай сылдырлап-сыңғырлап неше түрлі дыбыс шығаратын болған. Коллекциялық тізімде (№ 1062- 1112) айтылғандай, «алба-жұлба қырғыз билеп жүріп көмейінен дыбыс шығарады, қолындағы асатаяғын сермеп салдыр-гүлдір еткізеді». Көне асатаяқты алып келген адам Орыс музейінің этнографиялық бөлімінің тапсыруымен 1906 жылы Семей губерниясында болып қайтқан аспап жинаушы П. Бекетов. Металл сылдырмақтарды, қоңыраулар мен сақиналарды тек асатаяқтан ғана емес, қазақтың басқа да музыкалық аспаптарынан көруге болады. Кішкентай қоңыраулар қылқобыз бен домбыраның басына, сондай-ақ шанағының ішіне де ілініп қойылатын. Мұның өзі темір теңгешелерді тек бақсылар ғана емес, сондай-ақ халық арасындағы орындаушылар да пайдаланғанын көрсетеді.
КСРО халықтары этнографиясының мемлекеттік музейінде бірнеше шаңқобыз сақтаулы, оларды республикамыздың кейбір оңтүстік аудандарынан кездестіруге болады, бұл жақта олар шаңқауыз деп аталады. Аталмыш музейде шаңқобыздың жұқа ағаш пластинкадан жасалған бір данасы бар. Суреттеп жазуында шаңқауыз деп аталған бұл аспапты Сырдарияның сағасынан суретші С. М. Дудин 1902 жылы тауыпты. Шаңқобыздардың шашақ тағылған әрі өрнектелген әйел кебісіне ұқсас өзгеше әдемі қорабы болған.
КСРО Ғылым академиясының Антропология және этнография музейінде (музейді 1714 жылы Петр I ашқызған) жиырмадан астам қазақ аспабы бар. Солардың бірі тұтас ағаштан ойып жасалған домбыраны аспап жинаушы К. Н. Делазари 1898 жылы Жетісудың Лепсі уезінен әкелген. Ою-өрнекпен әшекейлендіріп жасалған екі көне домбыра Ақмола облысынан әкелініпті. Бөлек тақтайшалардан құрастырылған шанағы үш бүрышты болып келген бірнеше домбыра да осында.
Қылқобыздың жасалу түрі де, үлкен-кішілігі де әр алуан әлденешеуі жиналыпты. Олардың ішіндегі бақсылардың пайдаланғандары жай адамдар тартқаннан едәуір өзгеше. Мысалы, бақсы қылқобыздың басына үкінің қағырсынын тақса, шанағына айна орнатқан, әр түрлі темір теңгешелер ілген. Бір қобыздың жасалуы өзгелеріне мүлде ұқсамайды, өйткені оның ожау сияқтанып жасалған қос панағы бар. Бұл аспапты этнограф Д. Д. Букинич 1925 жылы Торғай уезінен әкеліпті.
Музейде металдан жасалған көлемі әр түрлі үш шаңқобыз бар екен. Олардың ағаш қораптарының әдемілігі, ондағы нәзік ою-өрнек көз тартады.
КСРО Ғылым академиясыныц Антропология және этюграфия музейінде ұрып ойналатын аспаптар — асатаяқ пен шыңдауылдың бір-бір данасы сақтаулы. Темір сырқырмақтар тағылған, ағаш таяққа ұқсас асатаяқ Петербергте 1898 жылы Жетісу губерниясының Лепсі уезінен келінген. Шыңдауыл— шанағы металдап жасалынып, ұрып ойналатын аспап. Оны суреттеп жазғанда (№ 410- 12) литапра типіне жатқызып, бірақ барабан деп қате тапты.
Музейдің коллекциясы белгілі ғалымдардың, этнографартардың, музыка қайраткерлерінің сыйға тартқан музыкалық аспаптарымен толыға түскен. Мысалы, академик С. Берг 1902 жылы музейге өзі Қазалы уезінен әкелген домбыраны сыйлайды. Екінші бір домбыраны музейге кадемик Е. Н. Павловский тарту еткен. 1930 жылы музей бір тамаша қылқобызбен толығады, оның иесі белгілі тузыка зерттеушісі Н. Ф. Финдейзен болыпты.
Көрменің экспозициясында әр түрлі музейлердің коллекцияларынан алынған, сондай-ақ қазақтың халық музыкасын зерттеуші белгілі ғалым С. Г. Рыбаковтың, орыс халық аспаптарының тұңғыш оркестрін құраушы В. В. Андреевтің және тарихи-музыка зерттеушісі Н.Ф. Финдейзеннің жеке музейлерінен түскен аспаптар мол.
Көне домбыралар бір-біріне мүлде ұқсамайды. Олардың кейбірінің шанағы сопақша болса, кейбірінікі дөңгеленіп, ал енді бірі үш бұрышты болып келген. Домбыралардың бастары да әр түрлі әдемі жасалған. Мысалы, бір домбыранын, басына темір теңгешелер ілініпті, бұл тым сирок кездесетін жағдай, екіншісінде — екі ішекті (ішекті бұрап) күйге келтіру үшін бір ғана құлақ бар. Қылқобыздың жасалуы да ә түрлі. Мысалы, екі аспаптын, басыма және мойнына үлкендігі әр қилы темір теңгешелер тағылған. Екіншісінің шанағына салпыншақтар, айна және дөңгелек қаңылтырлар бекітіліпті, жиек-жиегін әдемілеп өрнектепті. Тағы бір қылқобыздың басы мен мойны сүйекпен әшекейленген. Барлық қылқобызға аттың қылынан екі ішек тағылыпты.
Экспозицияға көлемдері әр түрлі екі шыңдауыл қойылған. Олардың мыс шанағының бір жақ бетіне көн тері қапталыпты да бүйірлеріне аспапты іліп қоюға ариап қайыс тағылыпты.
Театр, музыка және кинематографияның Ленинград мемлекеттік институтыныц аға ғылыми қызметкері, өнер зерттеу ғылымының кандидаты A. М. Мирек қазақтың көне музыкалық аспаптарын алу үшін 1975 жылы Алматыға келді. Белгілі шебер О. Бейсембаев аспаптың бірнеше түрін жасаған еді, соның кейбірі A. М. Мирек арқылы музейге берілді. Олардың ішінде көне жетіген, әр түрлі етіп жасалған домбыралар, қылқобыз, әдемі қорапты сыбызғы, шертер, қамыс сырнай, саз сырнай, үскірік, асатаяқ, кіп-кішкентай әйел кебісіне ұқсатып жасалған қорабы бар темір шаңқобыз, ағаш шаңқобыз. Осының арқасында Ленинградтағы Тұрақты кәрмеде қазақтың музыкалық ао паптарыныц бірегей коллекциясы әжептәуір толыға түсті. Ал, Москвадағы М. И. Глинка атындағы музыкалық мәдениеттің орталык, музейінде музыкалық аспаптардың аса ірі коллекциясы бар. бұл музей 1934 жылы ұйымдастырылған. Оның қорында қазақтың музыкалық аспаптарының отыздан астам данасы сақтаулы. Көке музыкалық аспаптардан мұнда домбыраны, қылқобызды, сыбызғыны, даңғыраны және шыңдауылды көруге болады. Соңғысы коллекциялық сипаттап жазуда (№ 266) «даул» дегі аталыпты.
Бұл аспаптардың кебін 1870 жылдары Орта Азия халықтарының музыкасын зерттеуші Август Федорович Эйхгорн жинаған. Бұл аспаптардың маңызы зор. Олардың кейбірі өте ертеде жасалған. Мұнда екі ішекті шертіп ойналатын аспапты көресіз, оның шанағына көн тері керілген, мойкында перне жоқ, ал басында жалғыз құлақ. KoAAeK" циялық суреттеп жазуда (№ 850) бұл аспап «қобыз» деп аталыпты, алайда құрылысына қарағакда ол кәне шертерге өте ұқсас. Оның көлемі: ұзындығы—74 см, шанағының ені— 12 см, тереңдігі—6 см. А. Эйхгорн сондай-ақ қылқобыздың темір сылдырмақтары бар сирек кездесетін бірнеше данасын тапқан.
А. Эйхгорн коллекциясында домбыралар ерекше қастерленіп қойылыпты. Бұл домбыралар жасалу түрі, безендірілуі, ою-өрнегі т.б. жағынан бір-біріне ұқсамайды. Кейбір домбыралардың шанағының бүйірінде де дыбыс шығаратын ойығы бар. Аталмыш коллекциядан ұрып ойналатын аспаптар шыңдауыл мен даңғыраны да көруге болады, олардың жасалғанына жүз елу жылдан асыпты. Коллекциялық сурет жазуда (№ 266) шыңдауыл жайында былай делініпті:
«Қазақтың ер басына іліп жүретін музыкалық аспабы— шыңдауыл, қол тоқпақпен ұрылады. XIX ғасырдың орта шенінде жасалған аспаптың шанағы, жезден болады.
Музейдің қорлары мен экспозицияларында Алматы музыка аспаптарын жасау шеберханасының шеберлері — Қазақ ССР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Қамар Қасымов пен Имануил Романенколар 1936 жылы жасаған бірнеше аспап бар. Олардын, арасында домбыра-пикколо, домбыра-альт, домбыра-тенор және домбыра-контрабас; үш жәнс төрт ішекті қобыздар және қобыз-контрабас.
1934 жылы Алматыда өткізілген халық ішінен шыққан әнші-күйшілердің республикалық бірінші слетіне қатысқан Ысқақ Уәлиевтің сыбызғысы музейде сақтаулы. Музыкалық, аспаптарды сақтауға қолайлы болуы үшін халық іпсберлері тұтас ағаштан ойып немесе былғарыдан қорап жагаган. Кейбір шеберлер өздерінің музыкалық аспаптарып жинамалы етіп жасапты: мысалы, аспаптың мойны мен басы оның шанағынан бөліп алынатын болған. Нақ осындай өте сирек кездесетін, Түркістаннан табылған қобызды Москва мемлекеттік университеті жанындағы Д. Н. Анучкин атындағы антропология музейінен көруге болады.
Осы қобыздың суреті А. Масловтың 1911 жылғы басылып шыққан «Дашков әтнографнялық музейінде сақтаулы музыкалық аспаптардың суреттері келтіріліп, түсіндіріліп жазылуы» атты кітабынан табылған.