Кәрібай Садырбаев (1938 ж. т.) , хирург, травматолог - ортопед , медицина ғылымының докторы (1985), профессоры (1987). Жанаарқанын түлегі. Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.

Қарағанды медицина институтың (1961) бітірген. 1961-1963 ж. Жанаарқа ауданыны ауруханасының дәрігер-хирургі, хирургия бөлімінін менгерушісі, 1963-1965 жж. Қарағанды қалалық № 3 ауруханасының хирург-травматологы. 1965-1985 жж. Қарағанды медицина институтының ассистенті, 1985 жылдан бастап профессор міндетін атқарушысы. 35 ғылыми еңбектерінің және өнертабыстарының авторы. Негізгі ғылыми еңбектері травматология және ортопедия мәселелеріне арналған. Ол ұршығы тайып туған нәрестенің ұршығын орнына салу әдісін ұсынды.

Ошибки и осложнения после реконструктивно-восстановительной операции открытого вправления врожденного вывиха бедра III—IV степени и пути их предупреждения (1982); Применение дистракционно — функционального аппарата в комплексе лечения врожденного вывиха бедра. (1982).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1938 жылы туғандар

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан дәрігерлері