Татьяна Анатольевна Морозова (1972 ж.) - социология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің социология кафедрасының доценті. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің "Қолданбалы әлеуметтану" бөлімін бітірді. 1994 - 1995 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің социология кафедрасының стажеры, 1995 — 1998 жылдары осы кафедраның аспиранты. 1999 жылы әлеуметтану мамандығы бойынша "Студент жастардың құқықтық әлеуметтенуін талдаудың методологиялық мәселелері" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 15-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Морозова өзінің зерттеулерінде тұлғаның құқықтық әлеуметтену мәселелеріне, құқықтық мәдениет концепциясын дамытуға, студент жастардың кұқықтық санасының қалыптасуы мәселелеріне көңіл бөледі. Жастар саясатын жетілдіруге байланысты ұсыныстар береді. Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясының мүшесі.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:Терминология