Мұстафа Өзтүрік атындағы көше - Жандосов көшесі мен Бұқар жырау бульвары арасында өтеді, шығыстан батысқа қарай Манас көшесінен басталып, Әуезов көшесінде аяқталады. Көше Бостандық ауданында орналасқан. Көшенін ұзындығы - 320 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 нобай|Мұстафа Өзтүрік көшесі (Манас көшесінен Әуезов көшесіне қарай жасалған бейне).нобай|Мұстафа Өзтүрік көшесінің тақтайшасы. Атауы Көшеге қазақтың арда ұлы, белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу иегері, Қазақстанда Таэквондо Федерациясының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрiктің есімі (Алматы қаласы мәслихаты мен Алматы қаласы әкімінің 03.03.2000 № 220 қаулысы) берілген. Өзтүрік Мұстафа (Кәбенұлы Әбдірахман) (1954-1995) Түркияда XX ғасырдың ортасындағы босқыншылық салдарынан шетелге кеткен отбасында дүниеге келген. Ол Германияның Кельн, Мюньхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанға келіп, Алматыда таэквондо мектебін ашқан.

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері