Сергей Алексеевич Коновалов (1976 жылы) - социология ғылымдарының кандидаты. 2003 жылы әлеуметтану мамандығы бойынша " Қоғамдық пікір саяси коммуникация факторы ретінде (әлеуметтанулық талдау)" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясының мүшесі. Аталған ұйымының дамуына, қызметіне белсенді атсалысуда. Ол 2003 жылы "Қазіргі Қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны, 2004 жылы "Сайлау кампаниясының менеджменті" атты жаздық мектеп өткізуге, Қазақстан әлеуметтанушыларының Әзербайжанға баруын ұйымдастыруға, 2005 жылы Қазақстан әлеуметтанушыларының II Конгресін, 2006 жылы "Әлеуметтанулық зерттеулердің қазіргі методикасын өндіру" атты оқу-әдістемелік семинарын өткізуге белсенді атсалысты.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар