Төлеуғазы Ысқақұлы Әбжанов (1935 ж.ж.) - философия ғылымдарының докторы, профессор. Қарағанды педагогикалық институтын бітірді. 1970 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде аға мұғалім, доцент, профессор, 1993 жылдан философия тарихы және логика кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі бағыты — философия тарихы, оның ішінде Кант пен Гегель философияларының пайым және зерде мәселелері.

Негізгі еңбектері: Неміс классикалық философиясы. А., 1990 Философия тарихындағы таным теориясы мен методика проблемалары. А., 1990 (Қ.Әбішевпен бірігіп жазған) Адамға қарай бет бұрсақ. А., 1992 (Ә.Нысанбаевпен бірге жазған).Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар