Иван Дмитриевич Яковлев (18 қаңтар 1910, Алтай өлкесі – 27 желтоқсан 1999, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер, Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1-хатшысы (1956 – 57).

Еңбек жолы Орта мектепті бітіргеннен кейін 1928 – 39 ж. комсомол және партия қызметтерінде болды. 1939 – 55 ж. Жаңасібір қаласындағы Киров ауданының партия комитетінің 1-хатшысы, қалалық партия комитетітінің 2-хатшысы, 3-хатшысы, атқару комитетінің төрағасы, Жаңасібір облысының партия комитетінің 2-хатшысы, 1-хатшысы (1949 – 55) болды. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1949). 1955 ж. Қазақстанға арнайы жіберіліп, Қазақстан КП ОК-нің 2-хатшысы 1956 жылдың наурызынан 1957 жылдың желтоқсанына дейін 1-хатшысы болды. Яковлев Қазақстанды басқарған кезде тың және тыңайған жерлерді игеру қарқынды түрде жүріп, республикадан жылына 1 млрд пұт астық алып отыру – партиялық мақсатқа айналды. Республикаға басқа ұлт өкілдері көптеп әкелініп, қазақтар өз елінде азшылыққа айналды. Қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Жергілікті ұлт өкілдері сенімсіздік жағдайында жұмыс істеді. Қазақстанда ядролық қаруды сынау жүріп жатты. Сонымен қатар Яковлев тұсында мемлекеттік тұрғын үй құрылысы күшейді. Дегенмен, ол Қазақстанда өзін білікті басшы ретінде көрсете алмады. Сондықтан көп ұзамай орнынан алынып, 1958 – 61 ж. Ульяновск облысының партия комитетінің 1-хатшысы 1961 – 64 ж. Омбы қалалық атқару комитетінің төрағасы 1964 – 73 ж. Омбы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1973 ж. зейнет демалысына шықты.

Марапаттары 2 рет Ленин Октябрь Революциясы 3 рет Еңбек Қызыл Ту “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Шығармалары “Вторая житница страны” (1957) кітабының авторы.Первые лица государства: политические портреты (с точки зрения истории и современности), А., 1998Ғали Ә., Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның бірінші басшылары, Аст., 2001.

Дереккөздер

Санат:Алтай өлкесінде туғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшылары Санат:Қазақстан Компартиясы ОК хатшылары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері