Санат Сләмжанұлы Сәрсенбаев 1968 жылы 26 наурызда Талдықорған облысы Ақсу ауданының Басқан ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Сәрсенбаев Сләмжан Қағазбекұлы, марқұм, жұмысшы болған. Анасы - Сәрсенбаева Гүлбісара Бүркітбекқызы, зейнеткер, жұмысшы болған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1993). Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1985 жылдан - Талдықорған облысы Ақсу ауданының «Каракөз» қызылша кеңшарының әмбебап жұмысшысы. 1986 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1988 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің студенті. 1993 жылдан - Талдықорған облысы Көксу ауданы прокуратурасының өтілшісі. 1994 жылдан - Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі. 1995 жылдан - Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі. 2003 жылдан - Семей гарнизонының әскери сотының судьясы. 2009 жылдың желтоқсан айынан бері - Өскемен гарнизонының әскери сотының терағасы. Әскери атағы - запастағы сержант. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Елдік әлеуметтік-экономикалық ерлеуі, ҚР Қарулы Күштерінің қуаттануы». Хоббиі - бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, қазақ прозасы және поэзиясы. Үйленген. Жұбайы - Беркіндікова Анаркүл Баймышқызы, ҚР Қорғаныс министрлігі 27943 ә/б заң қызметі бастығының көмекшісі. Ұлдары - Ілияс (1995 жылы туған), Еркебұлан (1999 жылы туған); қызы - Нұрай (2007 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Заң Санат:Тұлғалар