Талғат Амангелдіұлы Ермегияев (7 мамыр 1969, Алматы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстанның бұрынғы Туризм және спорт министрі.
Өмірбаяны Әкесі - Ермегияев Амангелді Дінұлы (1944 ж. т.), «Алматықұрылыс» ¥ХК» АҚ президенті. Анасы - Ермегияева Жаңыл Нәбиқызы. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. Алматы сәулет-кұрылыс институтын (1993) «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша; Джорджтаун университетін (АҚШ, 1996); М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын (2004) «Тасымалдарды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі басқару» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2005). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанныңтемір жолдарын электрлендіру перспективалары». Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі. «Қазақстанның темір жолдарын электрлендіру перспективалары» жарияланымының авторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1993 жылдан - Халықаралық экономикалық және әлеуметтік реформалар қорының («Реформа» қоры) Алматы бөлімшесі директорының орынбасары, атқарушы директоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан туризм және спорт министрлері