Сағитжан Досымұлы Тасмағамбетов 1946 жылы 8 тамызда Ақтөбе облысының Ембі қаласында туған. Қазақ. Анасы - Тасмағамбетова Бибіғайша (1923 жылы туған). С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1969), заңгер. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1963 жылдан - Ақтөбе облысының Қандыағаш дистанциясының 2-ші дәрежелі жұмысшысы. 1964 жылдан - Ембі қаласындағы №462 мектептің меңгерушісі. 1965 жылдан - Алматы қаласындағы №1 Автожөндеу зауытының 2-ші дәрежелі ұстасы. 1966 жылдан - Алматы қаласындағы Киров атындағы зауытта токарьдің шәкірті. 1967 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1969 жылдан - Алматы облыстық атқару комитетінің ІІБ ММТСҚК инспекторы, аға инспекторы. 1970 жылдың шілде айынан - Қазақстан КП Калинин аудандық комитеті «Білім» қоғамының хатшысы. 1970 жылдың желтоқсан айынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1971 жылдан - Алматы облыстық атқару комитетінің ІІБ СТЖ бөлімінің нұсқаушысы. 1972 жылдан - КСРО ІІМ Алматы орта арнайы милиция мектебінде курс бастығының орынбасары. 1973 жылдан - №90344 ә/б әскери трибуналының аға хатшысы (Камчаткадағы Петропавловск қаласы). 1976 жылдан - Солтүстік Осетин АКСР Орджоникидзе гарнизоны әскери трибуналының мүшесі. 1981 жылдан - Волгоград гарнизоны әскери трибунал терағасының орынбасары. 1984 жылдан - Тындинск гарнизоны әскери трибуналының терағасы (БАМ). 1989 жылдан - оңтүстік әскер тобы әскери трибуналының мүшесі (Будапешт қаласы). 1991 жылдан - Ташкент гарнизоны әскери трибуналының төрағасы. 1992 жылдың ақпан айынан - ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті істер басқармасының бастығы. 1992 жылдың маусым айынан - ҚР Жоғарғы сотының әскери істер жөніндегі сот алқасының терағасы. 2001 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2007 жылдың наурыз айынан 2010 жылға дейін - ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы. Қазақстан Заңгерлер қауымдастығының вице-президенті. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комитеттің мүшесі. «Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен (2005) марапатталған. Запастағы әділет генерал-майоры. Үйленген. Жұбайы - Тасмағамбетова Алла Ерсұлтанқызы (1947 жылы туған) Қыздары- Тасмағамбетова Жанат Сағитжанқызы (1969 жылы туған), Тасмағамбетова Белла Сағитжанқызы (1979 жылы туған). Немерелері - Дана жене Садина.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар