Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев (14 тамыз 1962 жыл, Алматы) — қазақстандық бұрынғы әскери және мемлекеттік қайраткер, Ішкі істер министрі (2019–2022), Заң ғылымдарының кандидаты (2004), полиция генерал-лейтенанты.

Министрлігінен кейін Тұрғымбаев 2022 жылғы 25 ақпаннан 17 шілдеге дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі болды, алайда Қаңтар оқиғасына байланысты айып көрген ол 2024 жылы шартты түрде 5 жылға сотталды.

Өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан.Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТ<Новая Газета Казахстан - Пройти по черте С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады. 1986 жылдан бастап 2000 жылға дейін – Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған. 2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тоғызыншы департаменті және Криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы. 2006 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы. 2006 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы. 2012 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары. 12 ақпан 2019 жыл — 25 ақпан 2022 жыл — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі. 2022 жылғы 25 ақпаннан 17 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы. www.akorda.kz Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды

Ғылыми еңбектері Заң ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік». «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік» монографиясының (2004), сондай-ақ 14 мақаланың авторы.

Марапаттары І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері; II дәрежелі «Айбын» ордені; I дәрежелі «Қайсар» белгісі; «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі; мерейтойлық және ведомстволық медальдар; ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.

Шені Полиция генерал-лейтенанты.

Отбасы Әкесі - Тұрғымбаев Заманбек Есімбекұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, ҚазКСР Министрлер кеңесі кабинетінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген. Анасы - Темірбекова Күлжамал Мұхтарқызы (1939 жылы туған), зейнеткер, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Рима Еренатқызы Жансараева, заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің доценті. Ұлдары - Марлен, Марғұлан.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:II дәрежелі Даңқ орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:II дәрежелі Айбын орденінің иегерлері Санат:Александр Невский орденінің (Ресей Федерациясы) иегерлері Санат:Қазақстан ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкерлері Санат:Қазақстан ішкі істер министрлері