Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек (7 мамыр 1975 жыл, Шу) — қазақстандық саясаткер, 2022 жылғы желтоқсаннан бергі Астана әкімі.
Қасымбек — мемлекеттік қайраткер Махмұд Қасымбековтың ұлы, бұрын Қарағанды облысының әкімі (2019–2022), премьер-министр орынбасары (2019), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2018–2019), Инвестициялар және даму министрі (2016–2018), Көлік және коммуникациялар министрі (2014) лауазымдарына ие болған.
Өмірбаяны 1975 жылғы 7 мамырда Қасымбек Жамбыл облысының Шу қаласында туған. Арғын тайпасының Қаракесек руының Шұбыртпалы бөлімінен шыққан. Әкесі — Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков, мемлекеттік қайраткер.
Қасымбек Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының сәулеттік орта дизайны факультетін (1997), Еуразия университетінің мемлекеттік және муниципалдық басқару ісі факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан - «ТемірБанк» ААҚ бас маманы. 1998 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде теміржол көлігі және порттар бөлімінің бастығы. 1999 жылғы қарашадан желтоқсанына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Үйлестіру департаментінде көлік саясаты бөлімінің бастығы. 1999 жылғы желтоқсаннан ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Келіктегі тарифтік саясат басқармасының бастығы. 2000 жылғы сәуірден мамырға дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары. 2000 жылғы мамырдан қазанға дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары. 2000 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су көлігі департаменті директорының м.а. 2000 жылғы желтоқсаннан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Су көлігі департаментінің директоры. 2004 жылдан - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры. 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі. 2009 жылдан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы. 2014 жылғы наурыз-маусым айларда - ҚР Көлік және коммуникациялар министрі. 2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болды. 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрі. 2018-2019 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 2019 жылғы ақпаннан — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2019 жылғы 19 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 2022 жылғы 8 желтоқсаннан Астана әкімі.
2026 жылғы 27 қазанда Үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды.Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды
Марапаттары Құрмет ордені Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі Астанаға 10 жыл медалі II дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» ордені (8 мамыр 2015) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасы (17 шілде 2017)Касымбек Женис Махмудулы. Автобиография. online.zakon.kz
Отбасы Қасымбек үйленген, жұбайы — Ақжан Әдіханқызы Қасымбек. Жұптың үш қыз баласы бар: Ақерке (1997 жылы туған), Жансая (2000 жылы туған), Ләйлім (2003 жылы туған) Махмұдтар.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы түлектері Санат:Еуразия ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан көлік және коммуникациялар министрлері Санат:Қарағанды облысының әкімдері Санат:Астана әкімдері Санат:Қазақстан индустрия министрлері Санат:Қазақстан саясаткерлері