thumb|right|200px|Бөрібай Биқожаұлы Жексембин Бөрібай Биқожаұлы Жексембин (26 мамыр 1952 ж., Шу ауданы, Жамбыл облысы) — мемлекет және қоғам қайраткері.
Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. Евразия нарық институтын бітірген. Бас зоотехник, кеңшар директоры Приозер аудандық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы
Жезқазған облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. Жезқазған облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалған. 2004 ж. мамырынан 2010 жылға дейін Жамбыл облысының әкімі болды. 15.01.2010-2016 жыл - Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2015 жылдың желтоқсанынан "Ауыл" партиясының хатшысы.
Дереккөздер
Санат:26 мамырда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Шу ауданында туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Жамбыл облысының әкімдері Санат:Қазақстанның Өзбекстандағы елшілері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері