Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева (4 қараша 1964, Талдықорған облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, педагог, заңгер және педагогика ғылымдарының кандидаты. 2017—2023 жылдары Сенатор.
Білімі С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия]факультетін (1985) химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков атындағы заң институтын бітірген, юриспруденция бакалавры.
Қызмет жолы 1986 жылдан - Алматы облысының Түймебаев атындағы кеңшар бала бақшасында тәрбиеші. 1988 жылдан - Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі. 1990 жылдан - Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында химия пәнінің мұғалімі. 1991 жылдан - Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы орта мектепте ұзартылған күн тобында тәрбиеші. 1992 жылдан - аудандық атқару комитеті жанындағы Жамбыл аудандық жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы, Алматы облысы Жамбыл аудандық Халық депутаттары кеңесінің аға референті. 1994 жылдан -Жамбыл аудандық әкімшілігінің референті. 1994 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының аға маманы. 1999 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы. 2004 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, №1 бір мандатты сайлау округы бойынша ұсынылған. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, 2009 жылдың қаңтар айынан бері Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы. «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының, «Аймақ» депутаттық тобының мүшесі. 2011 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры 2017 жылдан тамыз айынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты болып, Алматы қаласынан сайланған. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі
Марапаттары «Құрмет» (2007) орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерекелік медалдармен марапатталды
Отбасы Ұлдары - Түймебаев Дінмүхамед Бақытжанұлы (1986 жылы туған), Түймебаев Нұржан Бақытжанұлы (1989 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан аудандық мәслихаттарының депутаттары Санат:Жамбыл аудандық (Алматы облысы) мәслихатының хатшылары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің III шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан химиктері