Бұрынғы атауы 12-көше (Жаңа әкімшілік орталық). Сарайшық көшесі Б. Момышұлы даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Қарасақал Ерімбет, Х. Досмұхамедұлы, Е. Тайбеков, Қараөткел көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 2409,8 м.

Сарайшық - ортағасырлық қала. Атырау қаласынан солтүстікке қарай 50 шақырым жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері