Сырдария көшесі Ж. Омаров көшесінен басталып, Күлтегін орамында аяқталады. С. Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 1204,8 м.
Сырдария - Орта Азиядағы ірі өзен. Қарадария мен Нарын өзенінің Ферғана қазан шұңқырының шығыс бөлігі қосылған жерінен басталып, Арал теңізіне қүяды. Бірнеше тармақтарға бөлінген, Қызылордадан ең үлкен тармағы өтеді. Өзеннің жалпы ұзындығы - 2219 шақырым.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері