thumb|Виктор Павлович Рогалев

Виктор Павлович Рогалев - 1957 жылы 29 қыркүйекте Қарағанды облысы Саран қаласында туған. Орыс. Тарих ғылымдарының кандидаты (1989).

Әкесі - Рогалев Павел Алексеевич (1933-2007), «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» тресінің партком хатшысы, Торғай облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Мособлқұрылыс» тресінің басқарушысы болып жұмыс істеген. Анасы - Рогалева Эльмира Сергеевна (1932 жылы туған), зейнеткер, Қарағанды педагогикалық училищесінің оқытушысы болған.

БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін (Мәскеу қаласы, 1981) тарих және қоғамтану оқытушысы мамандығы бойынша; Қарағанды мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1989) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Компартиясының республика ауыр өнеркәсібі кәсіпорындарының комсомолдары мен жастарының еңбек және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру женіндегі қызметі (1976-1985)». Доцент. «Терминологический словарь по политологии» (1992), «Человек и политика» (1993), «Политическая культура» (1993) кітаптарының авторы. Орыс, қазақ, ағылшын және неміс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999). 1974 жылдан - «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» тресі комбинатының электрослесарі. 1977 жылдан - БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебінің тыңдаушысы. 1981 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитеті кабинетінің меңгерушісі.

1982 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Теміржол аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1984 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

1985 жылдан - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аспиранты, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, меңгерушісі.

1994 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясат мәселелері женіндегі төрағасының орынбасары, депутат.

1995 жылдан - «Қазақстан Халық конгресі» партиясы төрағасының міндетін атқарушы, бірінші орынбасары.

1996 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің үйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі.

2003 жылдан - «Отан» РСП төрағасының бірінші орынбасары.

2004 жылдан - «Отан» РСП саяси кеңесінің үйлестіруші-хатшысы.

2005 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының ұйымдастыру-бақылау және мамандармен жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылымының депутаты. ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаттығына кандидат (2004). «Отан» РСП саяси кеңесінің (2003-2006), «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің (2002 жылдан) бюро мүшесі.

«Құрмет» орденімен (2007); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - запастағы полковник. Діни көзқарасы - православиелік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу үстіндегі ынтымақсүйгіш мемлекет». Хоббиі - оқу, шахмат, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - Никколо Макиавелли, Ю. Семенов. Үйленген. Жұбайы - Рогалева Ирина Апександровна. Ұлы -Павел (1981 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1957 жылы туғандар Санат:Саранда туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері