Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов (7 қараша 1955, Свердловск облысы, РКФСР) — кеңестік және қазақстандық әскери қайраткер. 2015—2016 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Генерал-лейтенант.
Өмірбаяны 1955 жылы 7 қарашада РКФСР-дың Свердлов облысы Гарин ауданының Дулково ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1977); Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары Қызыл Тулы мектебін (1989) бітірген.
1977 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері. 1982 жылдан - қауіпсіздік органдарында - ҚР ҰҚК Департаментінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары, ҚР ҰҚК төрағасының кеңесшісі. 2001 жылдан - ҚР ҰҚК Лаңкестікке қарсы күрес департаментінің бастығы. 2010 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
Марапаттары II дәрежелі «Айбын» (2004), II дережелі «Даңқ» (2008) ордендерімен; 8 медальмен марапатталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан генерал-лейтенанттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:КСРО МҚК қызметкерлері Санат:Қазақстан ҰҚК төрағалары Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары