Дархан Қамзабекұлы Мыңбай (1962 жылы 26 қаңтар, Жиынбай ауылы, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) — қоғам және мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Биографиясы Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
Білімі 1985 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985) журналист мамандығы бойынша бітірді;
2006 жылы Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
Қызметі «Оңтүстік Қазақстан: «Шығармашыл зиялылар», «Нұрлы әлем» (2001), «Нұрын шашқан Оңтүстік» («Земля Южного Казахстана»), «Эффект» (2003), «Өнерлі өлке суретшілері» («Художник Южного Казахстана») (2008) кітаптарының, 62 жарияланған мақаланың авторы.
1978-1979 жылдары - Шымкент облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының В.И. Ленин атындағы бөлімшесінде жұмысшы.
1985 жылдан - Одақтық және шетелдік баспаға арналған Бас ақпарат редакциясының (ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттік-ҚазТАГ) редакторы,
1986 жылдан - аға редакторы, 1989 жылдан - одақтық баспаға арналған ақпарат редакциясының аға бақылаушы әдеби редакторы.
1990 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Актілерді жариялау бөлімінің аға кеңесшісі.
1992 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімініңаға референті.
1994 жылдан - «Өркениет-Горизонт» республикалық газетінің бас редакторы.
1996 жылдан - «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті.
1997 жылдан - Шығармашылық қызметті және облыстық телерадиокомпаниялармен жұмысты үйлестіру жөніндегі басқарманың бастығы.
1997 жылдан – ОҚО әкімінің орынбасары.
2002 жылдан - ОҚО жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы.
2004 жылдан - ОҚО Түлкібас ауданының әкімі.
2006 жылдан - ОҚО әкімнің орынбасары.
2008 жылдан - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі [Б.А. Майлыбаев, Д.Қ. Мыңбай туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1125 Қаулысы].
2008-2012 жылдара аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған [].
2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды [«Д. Қ. Мыңбайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 246 Жарлығы]. 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтың Үкіметі отставкаға кетті. Президент Жарлығымен Дархан Мыңбайұлы қайтадан мәдениет және ақпарат министрі болып бекітілді.
2013-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.
2017 жылғы 14 наурыздан бастап - Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі.
2018 жылдың 13 ақпанынан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Басқа қызметтері «РТРК «Қазақстан» Басқарма төрағасы (2009 жыл наурыз айынан бастап)
Марапаттары «Құрмет» орденімен (2009); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - запастағы подполковник.
Отбасы Үйленген. Жұбайы: Құсайнова Қорлан Мақсотқызы Балалары: қыздары - Унзила (1990), Дана (1992); ұлдары - Нұрәлі (1995), Ғазали (2005) Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:26 қаңтарда туғандар Санат:Түлкібас ауданында туғандар Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Түлкібас ауданының әкімдері Санат:Қазақстан мәдениет министрлері Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы директорлары Санат:ҚазТАГ редакторлары Санат:Өркениет-Горизонт редакторлары Санат:Қазақстан телерадиосы басшылары Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан подполковниктері Санат:Қазақстан ақпарат министрлері