Роберт Х.А. Армбруст (1957 жылы 8 мамырда Нидерланд мемлекетінің Берген Оп Зум қаласында туған) - инженер-механик.
Өмірбаяны Голландтық Дордрехт қаласындағы Техникалық университеттің «Мәшине құрастыру/Инженерлік іс» факультетін бітірген (Ни-дерланд, 1981), инженер-механик. 1981 жылы қазанда «Роял Датч Шелл Групп» еңбек жолын бастаған. 1981 жылдың қазанынан - «СИПМ» компаниясының (Shell International Рetrolium Мааtsсһаррііj В.V., Нидерланд) ендіріп шығару тәжірибеші-бастығы. 1982 жылдың сәуірінен - Корморант СМО (Су асты манифольдтарының орталығы) үшін Бактонадағы (Ұлыбритания) жобаның тасталатын желілер сынақтарын жүргізуге арналған бөлімінің (суасты сынақтары, «Шелл Экспро ІІК Лимитед» компаниясы) сынақтар женіндегі инженері. 1984 жылдың мамырынан - Баренбург кен орынынан мұнай өндіріп шығару бастығы, Солтүстік Германия. 1986 жылдың сәуірінен - Сирикит кен орыны кәсіпшілігінің бастығы, құрғақта өндіріп шығаружобаларының бастығы, Таиланд («Тай Шелл Барллау және ӨндіруЛтд»). 1991 жылдың ақпанынан - Солтүстік теңіздегі Оңтүстік операциялардың өндіріп шығару жөніндегі жетекші бағдарламашысы, Ұлыбритания («Шелл Экспро UK Лимитед»). 1995 жылдың шілдесінен - Солтүстік Батыс қайраңындағы «Норт Ранкин» тегістағанынын бастығы, Австралия («Вудсайд Энерджи Лимитед») 1999 жылдың тамызынан - Раби, Габон кен орындарындағы пайдалануға енгізу жетекшісі, Африка («Шелл Гобон 2002 жылдың қыркүйегінен - Гаагадағы мұнай өндіріп шығару және барлау жобаларын салыстырмалы талдау жөніндегі бас маман-кеңесші, Нидерланд («Шелл Глобал Солюшенс Интернэшнл БВ»). 2006 жылдың сәуірінен бері - «Арман» БК» ЖШО бас директоры (Ақтау қ.). 2010 жылдан - «Bapetco» өндіріс бас менеджері. 2013 жылдан - «Shell Kuwait» операция менеджері. 2018 жылдан - зейнетте.
Жеке өмірі Ағылшын, голланд, неміс, француз, тай және орыс тілдерін біледі.
Хоббиі - белсенді спорт түрлері, музыка, қалпына келтірілген классикалық мотоциклдар.
Сүйіп оқитын әдебиеті - халықаралық тергеулер туралы көсемсөздік әдебиет.
Үйленген. 2 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Нидерланд инженерлері