thumb|Мақсат Маратұлы Сембеков Мақсат Маратұлы Сембеков
«ЗАҢ» Медиа-корпорациясы» ЖШС вице-президенті 1971 жылы 19 маусымда Жамбыл қаласында туған. Қазақ.
Анасы - Сембекова Манар, зейнеткер, партиялық-кәсіподақтық қызметте жою коммуналдық шаруашылық саласында жетекші болып жұмыс істеген.
Жамбыл есеп-экономика техникумының «Кәсіпорындағы жоспарлау» факультетін (1989), экономист мамандығы бойынша, М.Қ. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қаржы және несие» факультетін (2001) қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
1989 жылдың қыркүйек айынан - Қазақстан ЛКЖО Жамбыл қаласы Орталық аудандық, комитетінің есеп секторының меңгерушісі 1991 жылдың қазан айынан - «Жігер» шағын өндірістік кәсіпорнының экономисі. 1992 жылдың қазан айынан - «Игілік-Банк» ААҚ Жамбыл филиалы несие бөлімінің бас маманы; Жамбыл облысы бойынша бақылау-тексеру басқармасының бас маманы. 1995 жылдың тамыз айынан - «Темірбанк» ААҚ Жамбыл филиалы несие бөлімінің бас маманы, несиелендіру бөлімінің бастығы. 2001 жылдың қазан айынан 2003 жылдың мамыр айына дейін «Казкоммерцбанк» ААҚ Жамбыл филиалының жетекші корпоративтік несиелендіру менеджері. 2003 жылдың қазан айынан - «Заң» Медиакорпорациясы» ЖШС вице-президенті. 2005 жылдың мамыр айынан «Euro 20 th» компаниясының қаржы директоры. 2006 жылдың шілде айынан - «Еуразиялық Банк» АҚ №17 филиалының жетекші несиелендіру менеджері және Корпоративтік несиелендіру басқармасының бастығы. 2007 жылдың наурыз айынан - «Assessment Legal Group» ЖШС бағалау - заң компаниясының қаржы директоры. 2008 жылдың маусым айынан «АЗИЯ-ТУРАБИ» ЖШС бағалау компаниясының президенті. 2008 жылдың қыркүйек айынан бері - «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС вице-президенті.
Үйленген. Жұбайы - Смайылова Гүлшат Шоқанқызы, «Казтранссервис» АҚ «Оңтүстік» филиалының бас бухгалтері. Ұлы - Мақсат Сұлтан (1999 жылы туған) Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар