нобай| Агломерат (латын тілінен agglomera — қосамын, жинақтаймын) — 1 қара және түсті металлургияда — байытылған кентас концентраты мен майда кендерді шахта пештерінде қорытар алдында күйдіріп алынған кесек өнім. Темір кентасына марганецті қосып күйдіріп кесектелген концентрат темір-марганец Агломератты, ал құрамындағы СаО мен МgO қосындылары SіO2 мен Al2O3 қосындысына бір-бірімен тең болған шихтадан жасалған темір, кентасты Агломератне өзі ерігіш Агломерат делінеді. Сол сияқты бессемер және шаңды Агломерат бар. Агломераттың 95-тен астамы қара металлургияда, түсті металлургияның алюминий, никель, қорғасын, мыс өндірістерінде пайдаланылады.

Агломерат — мейлінше ірі де үшкір кесектерден (көлденеңі 30-2000 мм) түратын борпылдақ, босаң жанартаулық таужыныстар. Таужыныстардың түзілу орнына орай агломераттар көмей агломераттары (жанартау көмейіне шоғырланған кесектер) және қожды агломераттар (жанартау жапсарындағы қож тәрізді кеуек кесектер) болып бөлінеді. Қазак тілі терминдерінің салалык ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығьшьщ лауреаты А.Қ.Құсайьшов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Пайдаланған әдебиет

Санат:Металлургия Санат:Геология Санат:Тау жыныстары