Вячеслав Константинович Ким (1969 жылы 12 маусымда туған, Алматы, Қазақ КСР) — экономист, қаржыгер, қоғам қайраткері; Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі, акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан ұлттық таэквондо федерациясының президенті.

Білімі Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1996 жыл) О. Жәутіков атындағы мектептің түлектері - 5министр . Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша (1998 жыл), Ресей-Қазақстан қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша» (2002 жыл) бітірген.

1987 - 1989 жж. – КСРО қарулы күштері қатарында әскери қызмет атқарғанКим Вячеслав Константинович (дербес анықтама).

Мансабы 1990 ж. серіктесімен бірге Коноваловтың офтальмологиялық клиникасын құрдыForbes Kazakhstan ұсынады: 2020 жыл бизнесмені.

1996 - 2004 жж. – «ALTAIR» АҚ, «Азия Техникс» ЖШС, «ATG» ЖШС компанияларында бөлшек сауда бизнесімен, электрондық техниканы дистрибуциялаумен айналысты.

1993 - 2005 жж. – «Планета электроники» сауда желісінің негізін қалаушылары мен иелерінің бірі .

2003 - 2004 жж. – Қазақстандық тауар өндірушілер мен техника қауымдастығының қадағалау кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимнің қызметі.

2004 - 2005 жж. – «Азия ТехниксГрупп» АҚ президентіСалауатты перфекционизм .

2004 - 2006 жж. – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі Қазақстандағы 100 жаңа есім – Вячеслав Ким .

2005 - 2006 жж. – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ экономика жөніндегі басқарушы директоры Қазақстанның Таеквондо федерациясының президенті болып танымал банкир Вячеслав Ким сайланды .

Kaspi.kz 2002 - 2006 жж. – «Банк «Каспийский» АҚ акционері және директорлар кеңесінің мүшесі «Банк «Каспийский» ААҚ (Қазақстан) директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.

2006 - 2008 жж. – «Банк «Каспийский» АҚ ірі акционері және директорлар кеңесінің төрағасы «Банк «Каспийский» АҚ (Қазақстан) өзінің ірі акционерлері туралы ақпарат берді.

2008 ж. бастап «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады Топ-менеджмент өзінің жаңа kaspi bank брендін таныстырды.

2018 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Kaspi.kz АҚ директорлар кеңесінің төрағасы сайланды .

Kaspi.kz IPO-сы 2020 жылдың қазан айында Лондон қор биржасында сәтті өткізілгеннен кейін Bloomberg ақпараттық агенттігінің бағалауы бойынша Вячеслав Кимге тиесілі акциялар пакетінің құны 1,9 миллиард АҚШ долларын құрады Digital Frenzy Creates Two Billionaires in U.K. Fintech IPOKaspi.kz компаниясы IPO-ның сәтті өткізілгенін хабарлады.

2020 жылғы 21 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вячеслав Киммен және Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадземен кездесу өткізді, кездесу барысында цифрлық сервистерді дамыту стратегиясы, Қазақстандағы электрондық коммерцияның өсу перспективасы, сондай-ақ компанияның шағын және орта бизнесті қолдау жоспарлары талқыланды. Президент Kaspi.kz қызметіне техникалық инновацияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткіздіТоқаев Kaspi.kz басшыларын қабылдады. Ким мен Ломтадзе президентке IPO-ға дайындық туралы айтып өтті.

Бір жылдан кейін 2021 жылғы 26 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz негізін қалаушылар - Вячеслав Киммен және Михаилом Ломтадземен екінші кездесу өткізді, оның барысында мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz-тің бірлескен қызметінің перспективалық бағыттары айқындалды, соның ішінде Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қатысты мәселелер нақтыландыТоқаев пен Kaspi.kz негізін қалаушылар мемлекеттік органдар мен компаниялардың бірлескен қызметін талқылады.

Басқа жобалар 2013 ж. бастап Kolesa Group компаниясының тең иеленушісі «Колеса» мен «Крышаның» иелері өзгерді.

2016 - 2019 жж. – «Аллюр Компаниялар Тобы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директоры AllurGroup компаниясының директорлар кеңесінің құрамы өзгерді .

2015 ж. бастап – «Алсеко» компаниясының тең иеленушісі Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «АЛСЕКО» АҚ акцияларының 90%-ын сатып алды .

2017 жылдан 2019 жылға дейін – «Magnum» сауда желісінің тең иеленушісі Вячеслав Ким Кеңес Рақышевтан Magnum-дағы үлесін сатып алды.

2019 ж. бастап – «Magnum» сауда желісінің қадағалау кеңесінің төрағасы «Магнумның» оқиғалары.

Қаржылық жағдайы 2002 жылдан бастап Вячеслав Ким жыл сайын Forbes Kazakhstan журналы жариялап отыратын Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінің жоғарғы орындарынан көрініп келеді. Ол 2012 жылғы 24-ші орыннан 2020 жылы 8-ші орынға көтерілді, әл-ауқаты 639 миллион долларға бағаланды Қазақстанның ең дәулетті 50 бизнесмені – 2020. 2019 жылғы 15 қазанда Қазақстанның ең беделді бизнесмендердің ондығына кірді ең беделді 50 бизнесмен - 2019. 2020 жылы Forbes Kazakhstan журналының редакциясы өз тарихында алғаш рет бірден екі кәсіпкерді – Kaspi.kz негізін қалаушы Вячеслав Ким мен компанияның негізін қалаушы және басқарма төрағасы Михаил Ломтадзені «Жыл бизнесмені» атағының лауреаттары деп жариялады Дуумвират: Forbes Kazakhstan 2020 жылдың үздік бизнесменін таңдады.

Қоғамдық қызметі Қоғамдық және спорт ұйымдарын қолдау

2016 - 2019 жж. – Қазақстан Республикасындағы Кендо және Иайдо федерациясының президенті Kazakhstan Kendo Federation .

2013 жылғы 11 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан ұлттық таеквондо федерациясының президентіТаэквондо федерациясының президенті болып Вячеслав Ким сайландыҚазақстан таеквондо WT федерациясының басшылығы . Таэквондо федерациясын басқарған кезде Вячеслав Ким федерацияны қаржыландыруды жолға қойып, спортшылар барлық қажетті формамен, спорттық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. Жаттықтырушылар командасы спорттың осы түрінде дәстүрлі түрде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген елдердің мамандарымен толықты. .

2017 жылғы 13 сәуірден бастап «FizmatEndowmentFund» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің құрамына кіреді, «Fizmat Endowment Fund» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің құрамы ,«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі. 2018 жылы «AlmatyTriathlonFederation» Алматы триатлон федерациясының қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді«Almaty Triathlon Federation» ҚБ .

2019 жылдан бастап Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы – «Kazakhgeography» РҚБ қамқоршылық кеңесінің мүшесіҚазақстанның ең беделді 50 бизнесмені (2020 ж. желтоқсан)«QazaqGeography» РҚБ қамқоршылық кеңесі.

Қайырымдылық қызметі 2010 - 2014 жж. – «Аяла» қайырымдылық қорына «Тыныс ал, балақай» жобасы бойынша демеушілік көмек көрсеттіӨмір ақшадан қымбат.

2016 жылдан бастап «Мейірімділік» ерікті қоғамының қамқоршылық кеңесінің мүшесіВячеслав Ким «Аутизмді жеңеміз» жобасына үй ашты «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі. 2017 жылғы наурыз айында Вячеслав Ким Михаил Ломтадземен бірге «Аутизмді жеңеміз» жобасына ауданы 1400 шаршы метр күрделі жөндеуден өткен ғимаратты сыйға тартты Алматыда «Аутизмді жеңеміз» жобасының қоныс тойы өтті.

2013 жылдан бастап «Өз бизнесіңді жаса» жобасы бойынша «Сәби» қайырымдылық қорының қамқоршылары мен серіктестерінің біріКеңес Рақышев пен Вячеслав Ким жас кәсіпкерлерге $260 мың табыс етті«Өз бизнесіңді жаса» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды.

2020 жылы Kaspi.kz негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе коронавирус пандемиясымен күреске белсенді түрде қатысып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне қаржылық қолдау көрсетті: мәселен, экспресс-тестілер мен ӨЖЖ аппараттарын сатып алуға 100 миллион теңге бөлді,«Сәби» қоры мен Kaspi.kz коронавирусқа арналған экспресс-тестіге 200 миллион теңге бөлді сонымен қатар, пандемиямен күресу үшін мемлекетке 100 жедел жәрдем көлігін тегін бердіKaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады.

Марапаттары «Құрмет» ордені (14 желтоқсан 2007 жыл) – экономиканы, әлеуметтік саланы дамытуға сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін AllurGroup компаниясының директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. «Парасат» ордені (13 желтоқсан 2016 жыл) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік наградалар табыстады. «Еңбегі үшін» төсбелгісі және Алматы құрметті азаматы атағы (15 қыркүйек 2019 жыл) – қаланың дамуына қосқан ерекше үлесі үшінБ.Сағынтаев Нұрпейісовті марапаттады.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кәсіпкерлері Санат:Республикалық физика-математика мектебінің түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақстан банкирлері Санат:Қазақстан миллиардерлері