Михаил Нугзарович Ломтадзе (17 қазан, 1975 жыл, Батуми, Грузия) кәсіпкер, «Kaspi Bank» АҚ-ның CEO және акционері, Hepsiburada Директорлар кеңесінің төрағасы,https://www.inbusiness.kz/kz/news/kazakstandyk-innovaciyalyk-kaspi-kz-kompaniyasy-turkiya-narygyna-shygady Georgian Consulting Group құрушыларының бірі, Baring Vostok Capital Partners инвестициялық серіктесі, Kolesa.kz, Krisha.kz, Market.kz бірлескен компаниясының акционері және директорлар кеңесінің төрағасы.
Грузиядағы ең бай кәсіпкер.https://forbes.ge/saqarthvelos-100-umdidresi-metsarme/ 2021 жылы ол Forbes-тің әлемдік миллиардерлер тізімінде алғаш рет 956-шы орынға ие болды, 2026 жылға қарай оның байлығы 6 миллиард долларлық активтермен 694-ші орынға көтерілді.https://www.ambebi.ge/article/340269-mixeil-lomtaze-msoplios-umdidresi-kartveli-gaxda-/ Қазақстанда Forbes нұсқасы бойынша "ең бай 50 бизнесмен" рейтингінде үшінші орынhttps://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2021_1621273818 және "ең ықпалды бизнесмендер"рейтингінде 10-шы орын алады.https://forbes.kz/articles/50_samyih_vliyatelnyih_biznesmenov_kazahstana_2020_1608495268
Білімі 1997 ж. Грузиядағы European School of Management-те BBA дәрежесін алды.https://www.bloomberg.com/research/stocks/private/person.asp?personId=9397014&privcapId=171104
2002 ж. – Harvard Business School-да MBA дипломын алды.https://www.bloomberg.com/research/stocks/private/person.asp?personId=9397014&privcapId=171104
Қызмет жолы 1995 – 2000 жж. Georgia Consulting Group Audit негізін қалаушы және Басқарушы серіктес, Тбилиси, Грузия.http://exclusive.kz/post1187247847.html
2002 ж. компания өз тәжірибесін Ernst & Young-мен біріктірді.http://data.cbonds.info/comments/32713/Europlan_0709_en.pdfhttp://www.rbsys.ru/print.php?page=85&option=news_audit
2002 ж. инвестициялық жобалар жөніндегі менеджер ретінде Baring Vostok Capital Partners-ке қосылды.http://www.bvilpcc.com/images/reports/Listing_Document.pdf
2004 ж. бастап 2016 ж. дейін Baring Vostok Capital Partners инвестициялық серіктестігі.http://www.profile.ru/arkhiv/item/44303-items_8905
2006 ж. 29 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Kaspi Bank-тің (бұрынғы атауы «Каспийский» Банк АҚ) Директорлар кеңесінің мүшесі.http://kase.kz/news/1001203
2007 ж. 25 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Kaspi Bank-тің (бұрынғы атауы «Каспийский» Банк АҚ) Басқарма Төрағасы.http://kase.kz/news/1028431
2011 жылы қазанда «Caspian Financial Group» қаржы холдингін құрғаны туралы хабарлады.http://bank-kz.info/caspian-financial-group-finansovyj-xolding-v-kazaxstane.html Артынша Директорлар кеңесінің төрағасы болды.https://forbes.kz/news/2011/12/28/927/
2025 жылы 31 қаңтарда Михаил Ломтадзе Hepsiburada Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.https://kz.kursiv.media/kk/2025-01-29/slbt-kaspi-kz-hepsiburada/
Акционер 2013 жылы ақпанда Михаил Ломтадзе Вячеслав Киммен бірге Kolesa Group хабарландырулар сайттарын иеленетін компанияға 100% қатысу үлесін сатып алды. Мәміленің сомасы жария етілген жоқ.http://azh.kz/ru/news/view/13708
2015 жылы 11 тамызда Вячеслав Киммен бірге коммуналдық қызмет ақысы төлемімен және төлемдерді өңдеумен айналысатын IТ-компания «Алсеко» АҚ акцияларының 90%-ын сатып алды.https://forbes.kz/finances/markets/vyacheslav_kim_i_mihail_lomtadze_priobreli_90_aktsiy_ao_alseko
2015 жылы қарашада «Kaspi» АҚ холдингінің акционері болды.https://www.caravan.kz/news/novyjj-bankovskijj-kholding-poyavitsya-v-kazakhstane-358294/
Сыйлықтары мен марапаттары 2008 жылы 29 қазанда «BizMedia» Іскерлік Журналистика Орталығының ақпаратына сай қаржы секторындағы «Үздік бизнес спикер» номинациясында 1 орын алды.http://www.internews.kz/newsitem/29-10-2008/5304
2008 жылы желтоқсанда Курсив.kz ақпаратына сай «Жыл кәсіпқойы» атағын алды.https://www.kursiv.kz/dopolnitelnye-razdely/deistvujushie-lica-weekly/persony-goda/
2010 жылы 14 желтоқсанда тұтынушылық несиелеуді белсенді дамытқаны үшін Business Resource ақпаратына сай Қазақстанның үздік 5 банкирінің қатарына енді.https://tengrinews.kz/money/glava-bta-bank-anvar-saydenov-priznan-veduschim-bankirom-93671/
2013 жылы 3 қазанда Kursiv.kz ақпаратына сай «Инвестор» номинациясында Қазақстан банктерінің Ең үздік 10 басшысының қатарына енді.https://www.kursiv.kz/dopolnitelnye-razdely/finansy1/Top-10-rukovoditelej-kazahstanskih-bankov-nominatcii/
2013 жылы 29 қарашада Михаил Ломтадзе Award.kz ақпаратына сай «Қазнеттегі жыл адамы» атағын алды.http://profit.kz/news/11230/Award-kz-2013-itogi-ili-Opyat-dvadcat-pyat/
2013 жылы 27 желтоқсанда «Жыл адамдары-2013» сыйлығының аясында Vlast.kz талдау порталының ақпаратына сай «Жыл қаржыгері» атағын жеңіп алды.https://vlast.kz/obsshestvo/vlast_podvodit_itogi_golosovanija_v_ramkah_premii_ljudi_goda_2013-3932.html
2014 жылы 5 желтоқсанда «Құрмет» орденімен марапатталды.
2014 жылы 25 желтоқсанда Vlast.kz талдау басылымы сайтында ашық дауыс беру аясында «Жыл менеджері» номинациясында жеңіске жетті.https://vlast.kz/obsshestvo/vlast_podvodit_itogi_golosovanija_v_ramkah_premii_ljudi_goda_2014-8957.html
2015 жылы 30 қыркүйекте Nespi.kz интернет-жобасының ақпаратына сай Қазақстанның IT саласының Ең үздік 15 өкілінің қатарына енді.http://nespi.kz/blog/2015/09/30/15-samyh-yarkih-predstavitelej-v-sfere-it/
2016 жылы 15 ақпанда «Kapital.kz» іскерлік апталық басылымының ақпаратына сай 2015 жылдың қорытындысы бойынша ең танымал 5 банкирдің қатарына енді.https://kapital.kz/finance/47780/samye-populyarnye-bankiry-kazahstana-po-itogam-2015-goda.html
2021 жылы 12 желтоқсанда «Достық» орденімен марапатталды.https://www.akorda.kz/ru/nakanune-dnya-nezavisimosti-ryadu-kazahstancev-prisuzhdeny-gosudarstvennye-nagrady-11114250
2017 — 2021 жылдары — қазақстандық бизнестің үздік көшбасшысы деп танылды, PricewaterhouseCoopers аудиторлық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша — респонденттер Kaspi.kz басқарма төрағасын Қазақстанда озық технологияларды қолдану бойынша көшбасшы деп атады, бейімделу, стратегиялық көзқарас және тұтынушыларға назар аудару сияқты қасиеттерді атап өтті
Көпшілік алдында сөйлеуі 2013 жылы 13 ақпанда “Leadership Program” аясында KIMEP студенттерінің алдында лекция оқыды.https://www.youtube.com/watch?v=OaM8SEUpIRI
2014 жылы 18 ақпанда клиенттерге үндеу жасап, ұйымдасқан қастық ойлаушы адамдардың банктің клиенттеріне жасаған SMS-шабуылынан кейін туындаған дүрбелеңді тоқтатты.https://vlast.kz/jekonomika/mihail_lomtadze_9_iz_10_vkladchikov_kaspi_bank_ostajutsja_s_nami_my_darim_im_1_procent_k_tengovomu_depozitu-4538.html
2014 жылы 30 сәуірде Халықаралық Бизнес Академиясында «Полет за горизонт» жобасының аясында «Мягкая посадка. Встреча с капитаном» атты лекция оқыды.http://www.almau.edu.kz/news/polet_za_gorizont_proshel_na_vysote_bravo_kapitanu-5205
2016 жылы 23 мамырда Kaspi Gold дебеттік картасын таныстырды.
2014 жылы 26 маусымда Михаил Ломтадзе Kaspi.kz-тегі Төлемдер сервисінің жаңартылған нұсқасын ұсынды.https://babki.kz/good-to-know/kaspi-kz.html 2017 жылғы шілдедегі деректер бойынша осы сервис арқылы ай сайын 4 миллионнан аса төлем жасалады.http://futurebanking.ru/post/3418
2014 жылы 28 қарашада Kaspi Михаилдың басшылығымен бағаларды салыстыруға және тауарларды сайтта несиеге сатып алуға арналған онлайн маркетплейс Kaspi.kz-тегі Магазинді іске қосты.http://comode.kz/post/what-where-when/kaspi-bank-predstavil-unikalnyj-servis-po-vyboru-i-pokupke-tovarov/ 2016 жылғы мамырдағы жағдай бойынша бұл сервис арқылы Қазақстанда жылына 1,5 млн зат сатып алынады.https://365info.kz/2016/05/intervyu-s-predsedatelem-pravleniya-kaspi-bank-mihailom-lomtadze/ 2017 жылы еліміздегі бүкіл азық-түлік емес тауар айналымының 20% Kaspi-дің үлесіне тиесілі.https://rb.ru/story/kaspi/
2014 жылы 30 желтоқсанда Kaspi Бонус адалдық бағдарламасын енгізді.https://www.facebook.com/kaspibank/photos/a.571796309560575.1073741825.183379858402224/797144813692389/?type=1&theater 500 мыңнан аса клиент бағдарламаның қатысушысы болып табылады.http://futurebanking.ru/post/3418
2015 жылы 27 мамырда «Колеса Проверка» сервисін іске қосты, оның көмегімен автомобиль иелері өз автомобилін сертификатталған техникалық қызмет көрсету орталықтарында тегін тексертіп, бағалата алады және өз көлігін несиеге сату мүмкіндігін алады.https://kolesa.kz/read/articles/2015/05/kaspi-bank-i-kolesakz-zapustili-unikalnyy-servis-provereno-kolyosami/
2016 жылы 18 тамызда Михаил бөліп төлеуге сатып алуды және бонусты ұнататындарға арналған Kaspi Red бірегей клубын таныстырды.https://tengrinews.kz/money/kazahstantsam-predlojili-pokupat-rassrochku-esche-poluchat-300735/
2017 жылы 16 маусымда: Kaspi Maps, жедел Онлайн Аударымдар және Kaspi.kz мобильді қосымшасы атты үш жаңа сервисті таныстырды.http://www.ktk.kz/ru/news/video/2017/06/22/79348
2017 жылы шілдеде Мәскеуде екінші жыл сайынғы FinWin форумында сөз сөйлеп, ұқсас нұсқасы жоқ Kaspi экожүйесін таныстырды.https://minfin.com.ua/2017/07/03/28715894/
Өмірлік ұстанымы 2009 ж. 9 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ломтадзенің бастамасымен Kaspi Bank жыл сайын Қазақстан аумағында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қаржылай қолдау ретінде 5000 теңгеден бөледі.http://bank-kz.info/finansovaya-podderzhka-ot-kaspi-bank-uchastnikam-vov.html
2013 жылы 20 қазанда Kaspi Директорлар кеңесінің Төрағасы Вячеслав Киммен және Антонио Бандераспен бірге «Аяла» қайырымдылық қорының шотына қаражат аудару үшін 38 млн теңге сомасына чекке қол қойды.http://www.ayala.kz/redesign2/index.php/ru/good-people-rus/star-page-rus?star=650
2013 жылы желтоқсанда Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске қосуға бастама көтерді.https://tengrinews.kz/private_finance/v-kazahstane-zapustili-finansovyiy-likbez-246725/
2014 жылы 26 тамызда Ice Bucket Challenge флешмобына қатысты.https://www.youtube.com/watch?v=7XYNwvEbBCE
2017 жылы наурыз айының соңында Kaspi Bank басшылығы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзенің қолдауымен «Мейірім» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының «Аутизмді жеңеміз» қауымдастығының жаңа үйінің ашылуы болды. Үйде балалармен топтық немесе жеке сабақтар жүргізуге жағдайлар жасалған.https://forbes.kz/news/2017/04/04/newsid_140090
2022 жылдың қаңтарында Kaspi.kz негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Алматыдағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын бизнеске көмектесу үшін 579 миллион теңге бөлді.
2022 жылы — денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт мәселелерін шешуге бағытталған «Қазақстан халқына» қорына10 млрд.теңге аударды«Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударылды.kaz.orda.kz.
Қызықты деректер нобай|right|300px| Өз презентацияларында Михаил міндетті түрде қара киімде және қызыл кедамен шығады.https://forbes.kz/finances/markets/na_jest_regulyatora_banki_otvetili_novyimi_tehnologiyami/https://forbes.kz/finances/finance/kaspi_zapustil_novyiy_servis_dlya_lyubiteley_pokupok_v_rassrochku_i_bonusovhttps://the-steppe.com/news/business/2017-06-21/kaspi
«Жүзі жарқын банкир», көптеген адамдар Михаилды осылай атайды.https://vlast.kz/obsshestvo/vlast_podvodit_itogi_golosovanija_v_ramkah_premii_ljudi_goda_2013-3932.html
Дереккөздер
Санат:Қазақстан банкирлері