Ақсуат — Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл, аудан және Ақсуат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы - Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 342 км жерде, Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік-батысында, Қарабұға өзенінің сол жағалауындағы шөлейтті белдемде орналасқан. Ауылға ең жақын темір жол стансасы - Жаңғызтөбе (295 км жерде).

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен7503 6126 7183 117,3 3025 3617 119,6 3101 3566 115

Тарихы Іргесі 1929 жылы ұжымдастыру кезінде қаланған. 1963-1995 жылдары Ақсуат кеңшарының орталығы болған. 1995 жылы шаруа қожалықтары құрылған. Ақсуаттың аты екі сөзден шыққан: ақ және суат.

Инфрақұрылымы Баспахана, орта мектептер, аурухана, өлкетану мұражайы, аудандық мәдениет үйі т.б. мекемелер бар. Ақсуат арқылы Аягөз — Көкпекті — Қалбатау — Жаңғызтөбе автомобиль жолы өтеді.

Климаты Ақсуаттың климаты өте континентті. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедері де әсер етеді.

Ақсуаттың жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орташа температурасы – 22°С, - 30°С, шілдеде + 25°С, + 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, көбі қыс айларында түседі.Қазақ энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер Тарбағатай ауданының Әкімі

Дереккөздер

Санат:Ақсуат ауданы елді мекендері