Кишинёв (, ) — Молдова Республикасының астанасы әрі ірі қаласы. Кишинёв халқының саны 2026 жылы 674 500 адамды құрады.
Бык өзенінің бойындағы елдің ортасында орналасқан экономикалық және мәдени орталық. Молдованың әкімшілік үлесінде Кишинёв ерекше мәртебеге ие – ол басқару орны болып табылады. Кишинёвтен басқа бір аттас басқару орнына 6 төңіректегі қалалар (Сынжер, Дурлешты, Ватра, Кодру, Вадул-луй-Водэ, Криково) және 13 коммунаға біріккен 25 елді мекен кіреді.Национальное бюро статистики Республики Молдова http://www.statistica.md/newsview.php?l=ru&id=3319&idc=168
Географиялық орналасуы Кишинёв Молдованың орталық аймағында Шығыс Еуропа жазығында теңіз деңгейінен 85 м биіктікте. Қала жеті төбеде орналасқан және Днестрдің оң саласы Бык өзенінің бойында орналасқан. Қаланың ауданы шамамен 120 км², ал муниципалитеттің жалпы ауданы 571,64 км² құрайды.
Климаты Кишинёв едәуір жұмсақ, жазының азғантай ыстығы мен қысының қоңыр салқын жұмсақ желімен орташа-континенталды климат аймағында орналасқан. Қалада алғашқы метеорологиялық өлшеу 1884 жылға жатады. XX ғасырдың мәліметтеріне сай ауаның жылдық орта температурасы 10,2 °C, ал жауын-шашынның жылдық түсімі -468 мм. 1970 жылғы мәліметтер бойынша қаңтар айының орташа температурасы −3,5° С, шілде айында - +21,5 °C құрады.
Экономикасы және инфрақұрылымы 2005 жылдың соңында Кишинёв муниципалитетінде 25 мыңнан астам бала қатысқан 146 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс істеді.
96 мыңнан астам бала оқитын 158 университетке дейінгі мекемелердің қатарына 60 лицей, 40 орта мектеп, 19 гимназия, 15 бақша мектебі, 14 бастауыш, 7 мамандандырылған және 3 кешкі мектеп, сондай-ақ 27 мектептен тыс мекеме (спорт мектептері, балалар шығармашылық орталықтары) кіреді.
Атауы Көбірек таралған нұсқасы 125 жылдан астам уақыт бұрын Жаңаресей күнтізбесінде қаланың атауын ескірумыниялық Chişla nouă [кишла ноуэ] — жаңа қыстау атауына жатқызады. «Сhişla» сөзінің өзі түріктің «барақ» мағынасындағы kışla сөзімен кірме сөз болып табылады. Бессарабияда бұл сөз "кішкене кент, қыстақ" мағынасын береді. Атаудың шығу сипатына (сөздің бір бөлігі түрік, екіншісі румын) қарай заманауи зерттеушілер бұл көзқарастың дұрыстығына күмән келтіреді.В.Г. Фоменко Ещё о топониме Кишенёв. Ономастика. 1969
Алғашқы уақыттарда кишинёв элементіндегі топонимдер XV ғасырда түріктердің жаулап алып, кейін бірнеше жүздеген жылдар бойы көшпенділер шоғырланған орын боп қалған аймақтарындағы құжаттарда кездеседі. Сондықтан да кейбір зерттеушілер қаланың атауы романдық емес, керісінше, түрік атауынан туындаған деген болжамға келеді. Олар далалықтардың кишения («kesene»), (жерлеу орны, кесене) мағынсынан туындаған деп есептейді. Атаудың құрамында болған кишинёв сөзінің бөлігі көптеген орындарда болады, мысалы, Украинаның Полтава облысындағы Оржицк ауданының Кишеньки елді мекені, бір уақыттары кесене, ескерткіштер және қабірлер түріндегі ескілікті уақыттағы жерлеулер ішкі белгі болды. Мұндай жерлеу б.з. ІІ мыңжылдықтың басында Қара теңіз жағалауын мекендеген печенегтер мен далалықтарға немесе ХІІІ ғасырда осы өлкені басып алған моңғол-татарларға тиесілі болуы мүмкін. Печенегтер жерлеуінің заманауи Кишинёв аймағында болуын археологиялық қазбалар айғақтайды.Т.М. Обалдуева Курганы эпохи бронзы на р. Когильник Изв. Молдавск. филиала АН КСРО Кишинёв, 1955, №5 (25), стр.
Басқа нұсқалар мажарстандық Kisjenő — «кіші Йено» (Йено – 896 жылы Еуропаға келген мажарстандық таупа). Батыс Румынияның Мажарстанмен шекарасында Kisjenő, немес Chişineu (en:Chişineu-Criş) қаласы бар. Алайда бұл қалалардың атаудың шығу төркініне байланысы болуын бекітетін ешқандай айғақ табылмады. Кеңес Одағының құлауынан кейін Молодова елді мекендерінің атауын өзгерту тенденциясы ұйғарылды, атап айтқанда орыс тіліне «Кишинэу»сөзін белсенді түрде енгізу басталды. Заманауи Молдовада бұл атау ресми және бейресми құжаттарда жиі қолданылады. Ресейде, сол сияқты, орыс тілде реттеуші органдарда Кишенев атауы қабылданған.
Тарихы Қалаға қатысты алғашқы тарихи сілтемелер Молдавия воеводтарының 1436 жылғы господар кеңсесінің басшысына жолданған жарғысында кездеседі. Кеңестік елді мекендер тарихнамасында 1466 жылы Ұлы Стефанның өзінің ағасы бояр Влайкулуаға жазған жарғысына сәйкес, Альбишоара бұлағының жанында орналасқан Кишинёв ауылы отбасының меншігіне өткені туралы айтылады. Жүз жыл бойы Влайкула отбасы бұл аумақты иеленді.
Осман империясының қиын кезеңдері, түріктер мен Қырым татарларының сансыз шапқыншылықтары, сондай-ақ салықтардың өсуі, экономикалық дамудың әлсіздігі, боярлар меншігі, содан кейін Румыния Ясы монастырларының меншігі Кишинёвті қатты әсер етті.
1812 жылғы орыс-түрік соғысынан кейін Днепр, Прут және Дунай өзендерінің арасындағы аймақ Ресейдің құрамына кіріп, Бессарабия деп өзгертілді. Қазіргі орыс қонысы Кишинёв қала мәртебесін алды және 1818 жылы Бессарабия облысының, ал 1873 жылы Бессарабия губернаторлығының орталығы болды.
XIX ғасырдың басында қала қамыс шатырларымен жабылған шашыраңқы саз үйлерден тұрды, қала орталығының жоспарлы дамуы 1818 жылы басталды. Қалада алғашқы үлкен көп қабатты ғимараттар, кең көшелер, саябақтар мен алаңдар пайда болды. Семинария, Православие шіркеуі және Жаңа базар салынды. XX ғасырдың басында Кишинёвте алғашқы металл өңдеу зауыттары салынып, өнім шығара бастады, теміржол салынды. Дегенмен, Кишинёв Молдова Кеңестік Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін, 1940 жылы ғана Молдованың астанасы болды.
КСРО ыдырағаннан кейін қала Молдова Республикасының астанасы болып жарияланды, бұл мәртебе бүгінгі күнге дейін сақталып келеді.
Экономикасы және инфрақұрылымы Экономика Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және жиһаз сияқты тұтыну тауарларын шығаратын салалар дамудың жоғары деңгейіне жетті. Ірі құрылыс компаниялары мен 79 құрылыс мердігерінен тұратын берік құрылыс кешені қаланың жедел экономикалық өсуін және тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және әлеуметтік-мәдени дамудың кең ауқымын қамтамасыз етеді. Кишинёвтің қызмет көрсету саласы негізгі салалармен ұсынылған: 1600-ден астам бөлшек сауда және әлеуметтік кәсіпорындар, қоғамдық тамақтану мекемелері және ең жаңа технологиялармен жабдықталған 420-дан астам тұтынушылық қызмет көрсету мекемелері.
Кишинёв зауыттарының өнімдері республиканың ұлттық экономикасының, әсіресе оның негізі — агроөнеркәсіптік кешеннің технологиялық дамуына ықпал етеді. Кишинёвте республиканың ең маңызды экономикалық нысандары жобаланған, жаңа технологиялық процестер, машина конструкциялары, аспаптар және басқа да өнеркәсіптік өнімдер әзірленген. нобай|оңға|200px|Кишинёв троллейбусы нобай|оңға|200px|Молдова мемлекеттік университеті нобай|оңға|200px|Зимбру стадионы Транспорт Кишинёвтегі қоғамдық көлік туристерге қала ішінде жүруге ыңғайлы және қолжетімді. Ең танымал нұсқалардың бірі — автобустар. Қалада қаланың кез келген нүктесіне жетуге мүмкіндік беретін автобус бағыттарының кең желісі бар.
Кишинёвте таксилер де танымал көлік құралы болып табылады. Қала бойынша қызмет көрсететін көптеген такси компаниялары бар. Тағы бір танымал көлік түрі — микроавтобустар немесе маршруткалар. Бұл белгілі бір бағыт бойынша жүретін шағын микроавтобустар. Кишинёвте маршруткалар автобустарға қарағанда жылдамырақ, себебі олар аз аялдама жасайды.
Білім беру ісі 2005 жылдың соңында Кишинёв муниципалитетінде 146 мектепке дейінгі білім беру мекемесі болды. 158 жоғары оқу орнына дейінгі мекемеге 60 лицей, 40 орта мектеп, 19 гимназия, 15 балабақша, 14 бастауыш мектеп, 7 мамандандырылған мектеп және 3 кешкі мектеп, сондай-ақ 27 мектептен тыс мекеме (спорт мектептері және балалар шығармашылық орталықтары) болды.
Қалада сегіз мемлекеттік және төрт жекеменшік университет, Молдова Ғылым академиясы және орта білім мен бір-екі жылдық жоғары білім беретін бірқатар мекемелер орналасқан. 2022 жылдың 5 қыркүйегінде елдегі алғашқы христиан университеті — Universitatea Moldo-Americană өз есігін ашты.
Мәдениеті Кишинёвте бірнеше мұражай орналасқан. Үш ұлттық мұражай — Ұлттық этнография және табиғи тарих мұражайы, Ұлттық бейнелеу өнері мұражайы және Молдова тарихының ұлттық мұражайы. Ұлттық этнография және табиғи тарих мұражайын 1889 жылдың қазан айында барон Александр Стюарт құрды, 1905 жылы қазіргі орнына көшірілді және Молдовадағы ең көне мұражай болып табылады. Сондай-ақ, табиғи тарих, жаратылыстану ғылымдары, археология, палеонтология, геология және этнография бойынша көрмелер бар. Ғимаратты сәулетші Владимир Шиханко ерекше мавр сәулет стилінде жобалаған, оның алдыңғы қасбеті екі дорикалық бағанмен бекітілген үшбұрышты фронтоннан тұрады. Молдова Ұлттық кітапханасы да Кишинёвте орналасқан.
Спорт Футбол — Кишинёвтегі ең танымал спорт түрі. Зимбру, Дачия Буюкани, Спартаний Спортул и Политехника УТМ сияқты жергілікті клубтар Молдова лигасында (жоғарғы дивизион) ойнайды. 2006 жылдың мамыр айында ашылған, сыйымдылығы 10 104 орындық Zimbru стадионы ресми халықаралық матчтарды өткізуге қойылатын барлық талаптарға сай келеді және Молдова ұлттық футбол құрамасының үй аренасы ретінде қызмет етеді. 2022 жылы жабық арена Kishinau Arena ашылды.
Галерея
Дереккөздер
Санат:Молдова қалалары Санат:Еуропа елордалары Санат:Кишинёв