Вячеслав Михайлович Дружинин 1954 жылы 27 қыркүйекте Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Жайсаң ауылында туған. Орыс.
Томск политехникалық институтын геологиялық барлау факультетін бітірген (1977), тау-кен инженері. 1977 жылдан - №55 геологиялық барлау партиясының бұрғы шебері, Волков өндірістік геологиялық бірлестігінде аға инженер-құрастырушы. 1979 жылдан - «Волковгеология» бірлестігі №39 кешенді геологиялық экспедицияның аға құрастырушысы. 1983 жылдан - «Волковгеология» бірлестігі №55 партияның бас инженері, 1985 жылдан - «Волковгеология» бірлестігі №27 экспедициясының бас инженері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша бас маманы. 1990 жылдан - «Волковгеология» бірлестігі бас директорының жалпы мәселелер бойынша орынбасары. 1994 жылдан- «Жарық» ГХК вице-президенті. 1995 жылдан - «Газкон» ЖШС бас директоры («Қазақгаз» МХК). 1997 жылдан бері - «Жайықмұнай» ЖШС бас директоры.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», ХШЖК медальдарымен, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгісімен марапатталған. КСРО Жер қойнауын барлау үздігі. ҚР Жер қойнауын барлау үздігі. ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы.
Үйленген. Жұбайы - Дружинина Людмила Андреевна (1959 ж. т.), «Жайықмұнай» ЖШС қаржы департаментінің бастығы. Ұлы - Дружинин Игорь Вячеславович (1984 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:27 қыркүйекте туғандар Санат:1954 жылы туғандар Санат:Мәртөк ауданында туғандар Санат:Қазақстан орыстары Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Томск политехникалық институты түлектері Санат:Волковгеология тұлғалары Санат:Қазақгаз тұлғалары Санат:Жайықмұнай тұлғалары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі медалінің иегерлері Санат:Қазақстан мұнайына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:КСРО Жер қойнауын барлау үздіктері Санат:Қазақстан жер қойнауын барлау үздіктері Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары