Бітім Кезбаев 1946 жылы 22 шілдеде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында туған. Қазақ. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. 1963 жылдан - «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінің Ерәлиев ірілендірілген құрылымдық-іздестіру партиясында бұрғышының көмекшісі. 1970 жылдан - ҚазМШҒЗИ бұрғылау технологиясы зертханасында аға техник, аға инженер. 1971-1991 жылдары - «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде бұрғышы, шебер, учаске бастығы, аға инженер, ендірістік белім бастығы, Қарақия мұнай барлау экспедициясының техникал ық жетекшісі, 1977-1980 жылдары - бір мезгілде Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы КСРО Геология министрлігінің «Зарубежгеология» аға инженері. 1992 жылдан бері - «Кезби» ЖШС бас директоры. «Атамекен» кәсіпкерлер одағының 2-ші, 3-ші дәрежелі орденімен; «Ауғанстан соғысының ардагеріне» ескерткіш медалімен, халықаралық «Золотой Феникс» медалімен (2009), 6-шы «КfzStimOilІ» симпозиумының «Сала ардагері», XIII «Ұлттық экономика элитасы» қоғамдық мадақтау салтанатында «Кәсіпкерлікті дамытқаны үшін» (2010). «Кіршіксіз іскерлік абыройы үшін» Graduate Institute of Business and Management «INSAM» медальдарымен бітімгершілік Алтын жұлдызымен (2007); «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Өзен мұнай кен орнына 40 жыл» белгілерімен; ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» «ҚазМұнайГаз» БӨ» ӨФ, Маңғыстау облысы әкімінің, Ақтау қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚРж ер қойнауының Құрметті барлаушысы. Қайырымдылық көмек көрсетеді. Діни көзқарасы - мұсылман. Үйленген. 4 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары