Пхеньян (, Пёңяң) — Корей Халық Демократиялық Республикасының (Солтүстік Кореяның) астанасы. Пхеньян елдің әкімшілік, мәдени және тарихи орталығы болып табылады. "Пхенья́н" сөзі корей тілінде " кең жер", "жайлы орын" деген мағынаны білдіреді. 1946 жылы қала Пхёнан-Намдо шет аймағынан шығарылып, қаланың тікелей бағындырушылық мәртебесін алды, яғни провинцияның деңгейіндегі әкімшілік мәртебесі.

Тарихы Хронологиясы Аңыз бойынша, Пхеньян б.з.д. 2334 жылы Вангомсон () деген атаумен құрылған болатын. Кочосон ежелгі корей мемлекетінің астанасы болды. Алайда бұл уақыт кейбіреулердің есептеуі бойынша, біздің заманымыздың басында құрылған деген болжаммен дау туғызады.

Б.з.д.108 жылы Хань династиясы Кочосонды сол жерде бірнеше әскери округтерінің негізін қалап, жаулап алған болатын.Олардың бірінің астанасы Лолан округі заманауи Пхеньянның тұсында негізі қаланды. Лолан сол аймақта 313 жылы күш жинаған Когурё мемлекетінің басып алуына дейін басымдылық танытқан бірден-бір күш болды.

427 жылы ван Когуре мемлекеттің астанасын Пхеньянға ауыстырды. 668 жылы Силла корея мемлекеті қытайдың Тан династиясымен бірігіп, Когурені басып алды. Қала солтүстік көршісі Пархэмен шекаралас боп, Силланың құрамына кірді.Силланың орнына Корё династиясы келді. Бұл кезеңде Пхеньян өз ықпалын күшейтіп, Согён (서경; 西京; «Батыс астана»), деп аталды, алайда шынымен де Коренің астанасы Пхеньян ешқашан да болмаған еді.Чосон династиясының заманында провинцияның астанасы Пхенандо, ал 1896 жылдан бастап, Жапонияның отарлық басқыншылығына дейін провинция астанасы Пхёнан-Намдо болды.

1945 жылы Корея тәуелсіздігін алып, Пхеньян солтүстікте құрылған Корей жартылай аралындағы мемлекеттің КХДР уақытша астанасы болып, КСРО-ның ықпалында қалып қойды (тұрақты астана деп мемлекеттен "уақытша" алыстаған Сеул есептелді.) Корей соғысының кезінде әуе арқылы бомбылаудан қатты зардап шекті, 1950 жылдың қазаны мен желтоқсаны аралығында БҰҰ әскерлері болған еді. Кеңес Одағының көмегімен соғыстан кейін қала тез арада қайта қалпына келтірілді.

Географиясы thumb|left|250px| Пхеньянның космостық суреті ( 2007ж. 22 тамыз, спутник LandSat-5)

Сары теңізге құятын Тэдонган (Тэдон) өзенінің жағалауында орналасқан.Провинция мәртебесімен жекеше әкімшілік бірлікті түзеді. Басқа өзен Потхонган қаласы арқылы өтеді.

Әкімшілік бөлініс thumb|Чанван көшесі(Пхеньян).

Округа: Мангёндэ-гуйок () Моранбон-гуйок () Потхонган-гуйок () Пхёнчхон-гуйок () Ракран-гуйок () Рёкпхо-гуйок () Рёнсон-гуйок () Садон-гуйок () Самсок-куйок () Сонгё-гуйок () Сосон-гуйок () Сунан-гуйок () Сынхо-гуйок () Тондэвон-гуйок () Тэдонган-гуйок () Тэсон-гуйок () Хёнджесан-гуйок () Чунгу-гуйок () Ынджон-гуйок () Уезды: Кандонгун () Каннамгун () Санвонгун () Чунхвагун ()

Білімі Пхеньянда елдің алдыңғы қатарлы бірнеше Жоғрғы оқу орындары орналасқан: оқу орны — Ким Ир Сен атындағы Университет. Хан Док Су атындағы Пхеньян жеңіл өнеркәсібі институты

Танымал тұлғалар Ким Чен Ир (1941—2011) Ким Ир Сен (1912—1994)

Туысқан қалалар Пхеньянда үш туысқан қала бар: Катманду, Непал Джакарта, Индонезия Мәскеу, Ресей

Галерея

Әдебиет Андрей Ланьков: Северная Корея: вчера и сегодня. Восточная литература, Мәскеу, 1995 Guy Delisle: Pyongyang: A Journey in North Korea. Drawn & Quarterly, 2005, ISBN 1-896597-89-0 Chris Springer: Pyongyang: The Hidden History of the North Korean Capital. Saranda Books, 2003, ISBN 963-00-8104-0 Arno Maierbrugger: Nordkorea-Handbuch. Unterwegs in einem geheimnisvollen Land. Trescher, Berlin, 2004, ISBN 3-89794-039-6

Сілтемелер Пхеньянское метро Ланьков А. Н. — «Пхеньян и пхеньянцы. Заметки советского стажёра» Достопримечательности Пхеньяна Артемий Лебедев в Северной Корее Артемий Лебедев в Северной Корее, часть 2 Артемий Лебедев в Северной Корее, часть 3

Санат:КХДР қалалары Санат:Азия елордалары Санат:Пхеньян Санат:Миллионер қалалар